Астанада жас құрастырушылардың байқауы басталды

Астанада жас құрастырушылардың  байқауы басталды

Бүгін елордада әртүрлі техника үлгілерін және роботтарды құрастыру бойынша балалар арасында республикалық байқау басталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген әуесқой құрастырушылар өздерінің жаңа туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Олардың ішінде қашықтықтан басқарылатын көліктер мен азаматтық, әскери ұшақтар, желкенді кемелер, сүңгуірлер, әскери қайықтар, тіпті әлемге танымал көлік маркаларының кішірейтілген үлгілері бар. Модельдердің кейбірі тіпті жанармаймен оталып, бірнеше сағат бойы үздіксіз жүре алады. Сондай модельдердің бірі немістің Focke-Wulf Fw 190 Würger әскери ұшағы мен Ай бетінде жүруге арналған ғарыш аппараты. Қызығы сол, аталған туындылар далада жатқан керексіз темір-терсектерден құрастырылған екен.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: habrahabr.ru

Б. Қосмағамбет