Driver: San Francisco

Driver: San Francisco

Алдыңғы төрт бөлімі бір-біріне ұқсамайтын, өкінішке орай, тек бірінші бөлімі ғана сәл болса да қызықты геймплеймен ойыншылардың жүрегін жаулап алған. Үш бөлімге көңілдері толмаған ойыншылардың көңілдері түсіп, бар үміттерін бесінші бөлімге артқан көрінеді. Ойыншылардың көңілдерін түсіргісі келмеген Ubisoft Reflections, бұрын болған барлық кемшіліктерді ескеріп, жарыққа Driver San Francisco ойынын әкелген. Соңғы кезде шыққан ойындардың керемет туындылардың бірі.

 Әрдайым, біз ойын индустриясының тез дамитынына таң қалып отырамыз. Индустрияның дамуымен бірге адамның көзқарастары мен қызығушылықтары өзгеріп келеді. Былай ойлап қарасақ, бұрын Driver ойыны бізді көлік айдау мүмкіндігімен ғана қуантатын. Көліктен шығу, қаланы аралау деген сияқтылар арман құсқа айналып, бізді тек жай ғана көлік айдау қызықтыратын.


Заманауи көлік бәйге жанрдағы ойындар үшін, жоғарыда айтылғанның бәрі кем дегенде, минималды құраушылар. Ойыншылардың жүрегін жаулап алу үшін, ойын өндірушілері графиканың мінсіз сапасы мен қызықты киносюжет, жаңа үлгідегі көліктердің шексіз саны мен алуан түрлі ұсақ-түйектерді ойластырып, жүзеге асырған. Бұрын осындай мүмкіндіктер жайлы армандасақ, қазір бұнымен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Өндірушілер ғажайып бір ерекшеліктермен таң қалдырамыз деп айтпағанымен, масқара болған үшінші бөлім мен әлсіз төртіншіден кейін, тәуір «жүргізушіні» жасап береміз, деп халықты сендірген болатын. Айтпақшы, ұмытпасаңыз бастапқы кейіпкердің аты Джон Таннер.

Ең алдымен жаңа ойын өзінің сюжетімен таң қалдырады. Неге десеңіз, жауабын айтып көрейік. Өндірушілер арамзаланып, басты кейіпкерді комаға түсірткен. Иә, иә, қызық екен. Басты кейіпкеріміз полицей қызметкері Джон Таннер көлікпен Дерико атты қас дұшпанын қуалап, жол апатына түседі. Есін жия алмаған Джон, комаға түседі. Сондықтан, сіз Джонның өзімен емес, оның жұлдызды кейіпімен жауларыңыздың артына түсіп, оларды абақтыға түсіру сіздің басты мақсатыңызға айналады. Осының бәрі әдейі ұйымдастырылған көрінеді. Осыған ұқсас мыңдаған ойындар қатарынан қалай болса да, ерекшеленуді көздеген компания, мұндай мүмкіндікті Shift деп атап кеткен. Shift-тің көмегімен Джон Таннер айналадағы кез келген көлік жүргізуге мүмкіндік алады.

Осылайша, еш кедергісіз қалаған көлігіңізге мініп, қойылған мақсатыңызды жүзеге асыра аласыз. Көлік таңдауы жайлы бір-екі сөз айтып кетсек. Жүргізіп отырған көлігіңізден камера үшып шығып, тышқанның көмегімен қалаған үлгіні еш кедергісіз таңдай аласыз. Өндірушілердің еңгізген қызықты жаңалығы болғанымен, бұл құбылыс көзі үйренбеген ойыншының санасында түсініспеушілік тудыратыны рас. Осылайша, басты кейіпкердің комаға түскенін түсіндіргісі келген өндірушіге алғысымызды білдіреміз. Ал, іс жүзінде Shift функциясымен әрдайым кездесіп отырамыз. Бұның себебі: көліктер жол апаттарына жиі түседі. Оған қоса, басты кейіпкер көліктен шығып алып, атыс ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылған. Арамызда Driver-дің алғашқы бөлімдерін ойнаған ойыншылар болса, естеріңізге түсіріп көріңізші, бұрынғы бөлімдерде бұл мүмкіндіктер өте нашар деңгейде болатын, GTA ойынымен салыстыруға дәтім бармайды. Жалпы алғанда, Driver ойнында сіз көлік жүргізудің керемет шеберлігін танытып қана қоймай, реакцияңыздың жылдам екенін дәлелдеуіңіз қажет.


Қосымша тапсырмалардың сюжеттері де көптеген ойыншылардың көңілдерінен шығуы керек. Бұл тапсырмалар баяғы біз білетін көліктермен тікелей байланысты. Бұл жерде де сіз көліктің бір түрінен екіншісіне секіріп, полицей қызметкерінің міндетін атқарасыз. Алайда, бұл ойында өте ерекше, ұмытылмас тапсырмалар бар деп айта алмағанымен, Driver 3 пен Parallel Lines-тан әлдеқайда асып түскен. Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін қарастырып көрейік. Сюжеттің келесі бөлімі мен Джон Таннердің қал жағдайы жайлы мағлұмат алу үшін, қосымша тапсырмалардың белгіленген санын орындау керек. Геймплейдің мінсіз сапасын ескерсек, бұл өте әділетті шешім деп ойлаймыз. Бүкіл қаланы аралып шығуға сіз еш күш жұмсамайсыз. Бұның бәрі керемет көліктердің арқасында мүмкін болды. Желмен жарысатын үлгілердің қатарында: Audi, мен Bently, Chevrolet пен  Dodge бар.

Ойын графикасына келетін болсақ, ол бұрыңғы бөлімдерден жақсарғанымен, айтарлықтай керемет деңгейге жетті деп айта алмаймыз. Көліктердің майда-шүйделері мінсіз сапаға ие, бұған қоса, тапсырмалар арасындағы бейне клиптердің алуан түрлілігі көз қуантарлық. Сан-Франциско көшелерінен декорациялардың иісі аңқып тұрған жоқ, жаяу жүргіншілердің бейнелері де көңіл көншіксіз. Олар сұр түсті жандарға ұқсап, көліктерден қашуы немесе оларды тесіп өтуі бізге ұнамады. Түс реңдері де сәл шикілеу: қоңыр мен сары түстер жиі кездеседі. Осындай бейнені TDU 2 ойнынан да байқадық, бірақ жоғарыда айтылған ойынның графикасы әлдеқайда, анық болған. Кемшіліктер жоқ емес, бірақ, барлық компьютерлік ойындардың өз жетіспеушіліктері болады ғой. Сондықтан, бұл ойыннан бас тартпай, бір-екі рет ойнап көруге кеңес береміз, бәлкім, сізге ұнап қалатын шығар.

 Суреттер zoneland.ru сайтынан