LG Pocket Photo қалта принтерін шығарды

LG Pocket Photo қалта принтерін шығарды

Бүгін Оңтүстік Кореяда LG өлшемдері 7,2×12,1×2,4 см болатын Pocket Photo атты қалта принтерін ұсынды. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең кішкентай принтер атағына ие болып отыр. Бұл құрылғы ZINK Imaging технологиясы базасында жасалған. Оған әдеттегі принтерлер сияқты бояу емес, арнайы қағаз болса болғаны, қалғанын өзі басып шығара береді. 

Басып шығаруға жіберілетін суреттер смартфоннан принтерге жоғары жиіліктегі сымсыз байланыс NFC технологиясы немесе Bluetooth арқылы жіберіледі.  Айта кетейік, бұл құрылғы Android операциялық жүйесі арқылы жұмыс істейді.

LG Pocket Photo қуат көзін LG смартфонының зарядтық құрылғысы арқылы алады. Жалпы минипринтер бағасы 170 доллардай болады. Жаңа қалта принтері үш түсте: сарғылт, қызғылт және күміс түстес болмақ.

Суретті басып шығаруға арналған арнайы қағаздың бір бумасы (10 парақ) 4,5 доллар тұрады. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ubergizmo.com

Б. Қосмағамбет