Sony өз тұтынушыларына басқа киетін 3D-кинотеатрын ұсынды

Sony өз тұтынушыларына басқа киетін 3D-кинотеатрын ұсынды

Жапондық Sony компаниясы Берлинде өткен көрмеде жаңа 3D-кинотеатрын ұсынды, деп хабарлайды  "Компьюлента".

HMZ-T2 атты құрылғы IFA-2012 көрмесінде көрсетілді. Ол стереоскопиялық бейне тудыратын басқа киетін модульден және процессорлық блоктан тұрады. Оған қосымша  Blu-ray плеері қосылатын болады. 

Басқа орналасатын модульге 1280 және 720 пиксель болатын екі дисплей орнатылған. Бұл жабдықта сіз бейнені 20 метр қашықтан көріп тұрғандай боласыз. Жабдыққа қосымша көлемді дыбыс әсерін беретін аудиоблок орнатылған. Барлық жабдықтың салмағы 330 грамды құрайды.

Айта кететін жағдай HMZ-T2 құрылғысы HMZ-T2 атты жабдықтың ізбасары есептеледі. Бірақ бұл жаңа модель бұрынғысынан әлдеқайда сапалырақ және көрерменді сыртқы әсерлерден қорғайтын көзілдірікпен жабдықталған.

3D-кинотеатр бағасын Sony әзірге жариялаған жоқ.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gagadget.com


Б. Қосмағамбет