Apple жаңа iPad-миниді таныстырмақ

Apple жаңа iPad-миниді таныстырмақ

Шамамен осы жылдың 17 қазанында Apple компаниясы IPad-тың жаңа шағын түрін көпшілік назарына таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.  

Алдын ала болжамға сәйкес, оның экран диагоналі 7,85 дюймды құраса, бағасы 300 доллардай болмақ. Бұған дейінгі хабарда IPad-тың мүмкіндігі 2048*1536 нүктелі, ал бағасы 200-300 доллар болады деп айтылған еді. 

iPad нарыққа ең алғаш 2010 жылы шыққан еді. Содан бері Apple өз өнімін әр кез жаңартып келеді. Соңғысы, яғни планшетниктің үшінші буыны ағымдағы жылдың көктемінде сатылымға шыққан еді. Барлық iPad модельдерінің диагоналі 9,7 дюймды құрайды.

Бүгінге дейін Apple әлемге 84 миллионнан аса өнімін сатқан. Корпорация планшет нарығында әлемдік көшбасшы саналады. Қазіргі таңда ол бұл нарықтың үштен екісін қолында ұстап отыр.

Егер шындығында Ipad-тың жаңа шағын моделі 17 қазанда көпшілік назарына ұсынылса, онда гаджет сатылымға қараша айында шығып қалуы мүмкін делінген. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: apples.kz

Б. Қосмағамбет