LG компаниясы 3D теледидарын ұсынды

LG компаниясы 3D теледидарын ұсынды

LG Electronics компаниясы Корей нарығына әлемде тұңғыш рет жаңа 84-дюймдық Ultra Definition (UD) атты 3840 x 2160 пиксельді 3D теледидарын шығарды. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, бұл әлемдегі осындай түрдегі ең бірінші құрылғы. 

LG UD 3D теледидарында әр кадрдегі бейненің сапасы 8 млн. пиксельді құрамақ.  Бұл көрсеткіш бұрынғы Full HD атты теледидар панеліндегі көрсеткіштен 4 есе көп деген сөз.  Resolution Upscaler Plus қосымша функциясы сыртқы тасымалдаушылардың, винчестер, веб-сайттардың т.с.с суреттері мен бейнелерін жоғарғы сапада көрсетпек.

3D Depth Control функциясы көрермендерге  экранның 3D көріністерін жақын немесе алыс қашықтыққа реттеуге мүмкіндік береді. Одан соң, 3D Sound Zooming механизмі дыбысты нысандардың орнына қарай талдап, ретке келтіреді. 

Теледидар  LG Smart TV платформасымен жабдықталған. Ол 1400-дей қосымшаларға және онлайн-қызметтерге кіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге 2D және 3D бейнесінде көрсетіп, 3D контенттерін қосуға жол ашады.  LG Magic Remote атты қашықтан басқару пультін де құрылғымен бірге қосып ала аласыз.

Сонымен қатар, теледидар қуаттылығы 10 Вт 2.2 акустикалық динамика жүйесімен қамтылған. Әр сабвуфер қуаттылығы 15 Вт-ты құрайды.

Осы айдан бастап сатылымға шығатын UD LG 3D 84-дюймдық теледидары Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және Латын Америкасы елдерінің нарығын қамтымақ. UD-панелінің бағасы 22 100 АҚШ доллары болмақ.

сурет: lqnewsroom.com

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет