"Кьюриосити" Марстан жүрек тауып алды

"Кьюриосити" Марстан жүрек тауып алды

"Кьюриосити" марсоходы Қызыл ғаламшар бетінен кезекті түсірілген суреттерін жіберді. Бұл жолы объектив назарына жүрек немесе құлпынай тәрізді тас іліккен. Туиттердегі мәлімет бойынша, бұл суреттер Марстағы Glenelg деп аталған жерге жақын жерде түсірілген. Бұл аталған жерде марстық топырақтың үш түрі табылған екен.

Curiosity (қызығушылық, ізденіс) марсоходын NASA ғарыш агенттігі 2011 жылдың 26 қарашасында жіберген болатын. Ол Қызыл ғаламшар бетіне биылғы жылдың 6 тамызы күні қонып жетті. Аппарат бұл аймақта бір марсттық жыл немесе 686 тәулік жұмыс істемек. Бұл уақыт аралығында аталған аппарат 5-тен 20 шақырымға дейін қашықтық жүріп, Қызыл ғаламшар бетінің климаты мен геологиясы жөнінде мәліметтер жинамақ. Оның ең басты міндеті ретінде Марстағы тіршіліктің белгілерін анықтау айтылады.

сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет