SBB компаниясы Apple-ды плагиатшы деп айыптады

SBB компаниясы Apple-ды плагиатшы деп айыптады

Швейцарияның федералды темір жолдары (SBB) Apple компаниясына әлемге танымал вокзал сағатының дизайнын ұрлады деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Forbes.

Швейцариялық сағаттың дизайнын 1944 жылы инженер Ханс Хильфиккер (Hans Hilfikker) арнайы SBB үшін жасап шыққан болатын. Сағаттың ең басты және көзге бірден түсетін деталі ретінде оның қызыл секундтық тілі айтылып жүр. SBB-дің айтуынша, бұл өнертабыс жаңа Apple iOS 6 операциялық жүйесінде жұмыс істейтін iPad-тың "Сағат-қосымшасында" пайдаланылған.

Швейцариялық компания авторлық құқықтың бұзылғандығын айтып, Apple-дан қаржылай өтемақы талап етіп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: macrumors.com