iPhone 5 смартфоны сатылымға шықты

iPhone 5 смартфоны сатылымға шықты

Америкалық "Apple" корпорациясы  iPhone 5 смартфонын "алғашқы лек" аталып кеткен АҚШ, Аустралия, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Гонконг секілді елдерге сатылымға шығарды. 

28 қыркүйекте жаңа үлгідегі смартфон тағы да 22 елге жол тартпақ. Ал жыл соңына дейін әлемнің 100-ге жуық елінің өкілдері сатып алуға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда аналитиктердің сөзіне сенсек, "Apple" корпорациясы алғашқы он күндікте  смартфонның 10 миллионын сата алса, жыл соңына дейін бұл сатылым 46 миллионды құрауы мүмкін.

АҚШ-та iPhone 5-тің бағасы 199-399 доллар көлемінде жадысына байланысты өсе береді. Және оператордың көмегінсіз 649-849 доллар шамасында жақсы смартфонға иелік етуге болады. 

Алдын ала хабарланғандай, аталған смартфон одан бұрынғы "туыстарына" қарағанда, едәуір айырмашылыққа ие. Мәселен, қалыңдығы 7,6 миллиметр болса, салмағы 112 грамды құрайды. Тағысын тағы....

Ең бастысы интернетті жақсы ұстайтын көрінеді.  "iOS 6" операциялық системасы бар смартфонға неге иелік етпеске?!

Айта кетелік, құрылғы Қазақстанда сатылмайтын болды.

сурет:news.nur.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига