Apple бүгін жаңа iPod-пен таныстырады

Apple бүгін жаңа iPod-пен таныстырады

Apple бүгін, яғни, 12 қыркүйекте Cан-Францискода iPhone 5-тің презентациясын өткізеді. Rosbalt агенттігінің айтуынша, осы жиында компания жаңа iPod плеерлерін де ел назарына ұсынатын болады. Атап айтсақ, жиналғандар iPod shuffle, iPod nano және iPod touch медиаплеерлеріне баға бере алады.

Соңғы айтылған iPod touch бірнеше нұсқада шығарылатын болады. Олардың сырт пішінінің алғашқы iPod-тардан айтарлықтай айырмашылығы болмайды деп күтілуде. Тек бағдарламалық платформа ретінде iOS 6 қосылып, жад көлемі артуы мүмкін.  Аталған құрылғылардың бағасы $299-$399 аралығында болады.

ва

iPod shuffle және iPod nano да аздаған өзгеріске ұшырап, жеті түрлі түсте шығарылады. iPod shuffle бағасы бұрынғыша $49 болады. Дегенмен гаджет жадының көлемі бұрынғыша 2 ГБ болатындығы немесе артатындығы туралы анық ақпарат жоқ. Ал iPod nano бұрынғыша екі түрлі жадпен емес (8 және 16 ГБ), жалғыз нұсқамен шығарылатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: fanpop.com, proprofs.com