Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Өткен күн оралады. iPad-тың машинкалы түрі

Өткен күн оралады. iPad-тың машинкалы түрі

Өткен күн оралады. iPad-тың машинкалы түрі

Сонау жылдардың ширегінде жазу машинкасынсыз бірде-бір жұмыс орталығын елестету мүмкін емес болатын. Тықылдап түскен әр әріптен шабыт алатын ақын-жазушыдан бастап, жай қарапайым жұмысшыларға дейін күні-түні аталған құрылғыға тыныштық бермеуші еді... Содан бермен "пенсияға" шыққан машинкалар мұражайлардан қылт ете қалатыны болмаса, өмірімізге жиі сұғына бермейтін. Енді міне, өткен күннің ең әдемі естеліктерін қағазға да түсірген, санада да сақтап қалған машинкалар қайта ортамызға келіп отыр.

"Кешегі жақсылық алдан қауышар" дегендей, Остинг Янг есімді дизайнер iPad-тың машинкалы түрін ойлап тауып отыр. Жаңа құрылғының атауы - «iTypewriter». 

Естеріңізге салсақ, ең бірінші жазу машинкасының үлгі жобасын XVI ғасырда итальндық ғалым Ронно Цетто жасап шығарған.

Күнделікті өмірге көз жүгірте кететін болсақ, компьютерді қосқаннан бастап өшіргенге дейінгі аралықта адамның ой ұшпағында жалғыз қалуы мүмкін емес. Келіп жатқан жауапсыз хаттарды айтпағанның өзінде сананы улап, сан қиялға шомылдыратын батыстың жарнамалары бас алдырмайды. Содан да болар, қазіргі күннің өзінде жазу машинкаларын қолданатын адамдардың қатары сирек болса да, бар болып шықты. 

Ұмытпай тұрғанда айта кетейік, алда-жалда «iTypewriter» машинкасын сатып алып немесе қолыңызға келіп түсіп жатса, батырмасын жай басуыңызды сұраймыз. Себебі, аталған құрылғының басу тетіктері жұмсақтау. Әрі ұқыпты қарауыңызды сұрайды. Өзіңіз де білесіз, қазіргінің машинкасы мен адамына дейін шаң атаулыны тіптен жақтырмайды. 

Бүгінгі таңда «iTypewriter» жазу машинкасы тұжырымдамалық үлгі (концептуальная модель) болып табылады. Әзірше ғана...

сурет:drive2.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

836 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 қыркүйек 2012, 10:34
Пікірлер
+0
07 қыркүйек 2012, 16:13

О бұл жақсы дүние екен! :)

+0
07 қыркүйек 2012, 23:39

Axa magam da osynyn bireui kerek eken

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...