Samsung Galaxy Tab планшеті өміріңізді жеңілдетеді

Samsung Galaxy Tab планшеті өміріңізді жеңілдетеді

Қазіргі заманда баршамыздың уақытымыз тығыз, шаруаларымыз көп. Қол астымызға ыңғайлы, әмбебап көмекші қажет-ақ! Samsung Galaxy Tab планшеті жеке көмекшіңіздің рөлін атқарып, расымен өміріңізді жеңілдетеді.

Android платформасына негізделген екі ядролы процессоры бар, 16 миллион түсті көрсете алатын 7 дюймді PLS TFT-дисплейі бар, 2048x1536px суреттерін түсіретін 3 Mpx-ді камералы планшет заманауи талаптардың бәріне сай. Беткі жағында 0.3 Mpx-ді бейне қоңырауларға арналған камерасы да бар. 4000 mAh-лі мықты батареясы қуатты белсенді жұмыс жасау режимінде 10 сағатқа дейін ұстай алады. WAP браузер, EDGE, Wi-Fi, стерео Bluetooth 3.0, USB-порт - бұның бәрі сыртқы ортамен "байланыс" үшін. GPS-қабылдағыш сізді еш уақытта адастырмайды. Өзінің 8 гб жадысы бар, алайда microSD картасының көмегімен бұл санды әлдеқайда үлкейтсе болады.

Samsung Galaxy Tab-ты қолданудың артықшылықтары:

Жылдам ғаламтор. Wi-Fi арқылы тез арада сайттардың парақшаларын жүктеп, жаңартып отыруға мүмкіндік бар. Смартфондардағы ғаламтор планшеттегі ғаламтормен салыстыруға келмейді. Оперативті жадының көлемі ғаламторды шарлауда еш бөгет қоймайды.

Жоғары сапалы бейнебаян көрсету

Планшеттің жадысына бірнеше ұзақ фильмдер сыяды. Ал үлкен дисплей оларды көруден рахат алуға мүмкіндік береді.

Түстердің қанықтылығы көздің жауын аларлықтай.

Суретке түсіру оңай, тез жүзеге асырылады. Алдыңғы камерамен өзіңіздің суретіңізді де түсірсеңіз болады.

Планшеттің тағы да бір керемет жері - электронды кітапхана. Кітап оқуға арналған бағдарламада бұған бар жағдай жасалынған.

Instagram бағдарламасы арқылы жаңа түскен суреттерді бөлісе аласыз.

Туиттердегі лентаңызды жаңартып, соңғы жаңалықтардан құр қалмайсыз.

Басқа да қоғамдық желілерде отыратын адамдарға бұл планшет нағыз бақыт. Онлайн радио, музыка тыңдау, бейнебаян тамашалау еш қиындыққа соқпайды.

Онлайн дүкен арқылы әркім өзіне қажетті бағдарламаларды жүктеп ала алады. Мысалы қыздарға мынандай электронды мәзірлер кітабын ұсынар едім.

Күні бойы жаңарып тұратын ауа-райы жайлы мәліметтер сізді түрлі жағдайларға дайындап қояды.

Сенсоры өте сезімтал, қолдануға аса оңай.

Шынымен мәселенің жартысын өзі-ақ шешіп қоятын бұндай техника жаңалығы нағыз ғажап. 

Арнайы Массагеткз үшін: Сания Аринова

С. А