Windows 7 танымалдылығы бойынша XP-ден асып түсті

Windows 7 танымалдылығы бойынша XP-ден асып түсті

Windows 7 операциялық жүйесі танымалдылығы бойынша нарықта 11 жыл бойы үздік атанып келген Windows XP жүйесінің алдына түсті. Бұл туралы "Вести.Ru" Net Applications зерттеу компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, Windows 7-нің нарықтағы үлесі 42,76 пайыз болса, Windows XP өз кезегінде 42,52 пайыздық үлеске ие болған, Бұдан кейінгі орындарда сәйкесінше 6,15 пайыздық үлеспен Vista,  Apple OS X 10.7 Lion (2,45 пайыз), 10.6 Snow Leopard (2,38 пайыз) тұр.

Айта кетелік, Net Application статистиканы тек интернеттен жинайды. Яғни ақпарат жиналып жатқан кезде өшіп тұрған компьютерлер есепке алынбай қалады. Сондықтан нарықтағы анық ситуация бұл зерттеу нәтижесінен әлдеқайда алшақ болуы мүмкін. Мәселен ірі StatCounter сервисының жүргізген есебі бойынша,  Windows 7-нің нарықтағы үлес салмағы 50 пайыздан маусым айында асып кеткен болатын.

Аталған операциялық жүйенің соңғы нұсқасы 2009 жылдың қазан айында пайда болған еді. "Жетіліктің" сатылымға шыққан уақытынан бастап, Microsoft компаниясы 600 миллион диск сатып үлгерді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: searchprogram.ru