Twitter екі сағатқа өшіп қалды

Twitter екі сағатқа өшіп қалды

Кеше кешке, яғни, 26 шілде күні Twitter қолданушыларының бір бөлігі сайтқа кіре алмады. Астана уақыты бойынша шамамен 21.30-да сайт ашылмай қалды.

Twitter бетінде сайтта техникалық ақаулардың орын алып жатқандығы туралы ақпарат шығып тұрды. "Біздің инженерлер қазіргі кезде барлық проблемаларды шешуге тырысып жатыр", - делінді status.twitter.com бетіндегі хабарламада. Астана уақыты бойынша 23.30 шамасында сервистың жұмысы жанданып, толыққанды қызмет көрсете бастады.

Микроблог соңғы рет 21 маусым күні техникалық қиындықтардың астында қалған еді. Бұл олқылықты сайт басшылары "сайт инфраструктурасының кейбір компоненттерінің қателігі әсерінен жүйенің басқа құрылымдарына (cascaded bud) зиян келген" деп түсіндірген болатын. Дегенмен CNN бұл туралы сайтқа шабуыл жасалды және бұл істі UGNazi хакерлері тобы мойындарына алып, DDoS шабуыл жасағандарын мойындады деп ақпарат таратқан еді.

Twitter 200 миллионға жуық қолданушыны астына жинап отырған микроблог сервисы. "Яндекс" компаниясының статистикасы бойынша, сервистағы "кириллицалық аудитория" 2 миллионнан асып жығылады екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: casaucv.wordpress.com