Foaster – Apple гаджеттерін қуаттауға арналған тостер

Foaster – Apple гаджеттерін қуаттауға арналған тостер
Фото: www.teknosity.com

Foaster стартапының құрастырушы инженерлері тұтынушыларды инновациялық өнімге қалай қызықтыру керек екені туралы көп ойланған сыңайлы. Аталған компанияның жаңа гаджеті ерекше дизайнға ие болыпты.

Гаджет ас үйде пайдаланатын қарапайым тостер кейпінде жасалған. Бірақ ол нанды күйдіру үшін емес, смартфондарды қуаттау үшін қолданылады. Одан бөлек, Apple компаниясының өзге де гаджеттерін қуатпен қамтамасыз етеді.

Айта кетсек, жаңа өнім төрт түрлі гаджетті бірдей энергиямен қамти алады. Ескере кететін жағдай, жаңа қуаттау станциясы соңғы шыққан модельдерге арналып дайындалған. Дегенмен бұрыңғы iPhone модельдерін 30-pin форматындағы қуат өткізгіштіктерінің көмегімен қуаттауға болады. Аналогиялық micro-USB кабелі Android гаджеттеріне де көмекке келеді.

Құрастырушылар не үшін тостер дизайнын басты назарға алды екен? Расында смартфондар көбіне асханада қуатталады. Сондықтан қуаттағыш асхана техникасына ұқсатылып жасалған.

Жаңа өнім жуырда сатылымға шығады. Ал алдын ала тапсырыс бергісі келетіндер үшін Foaster компаниясының ресми сайты алдағы уақытта қызмет ететін болады. Әзірге нақты бағасы туралы да еш ақпарат жарияланбады. 

Ж. Өрісбай