Yahoo!-ды Google-дың топ-менеджері басқаратын болды

Yahoo!-ды Google-дың топ-менеджері басқаратын болды

Google корпорациясының вице-президенті Марисса Майер Yahoo! интернет компаниясының аға директоры болып тағайындалды. 

Майер қызметіне бүгіннен, яғни 17 шілдеден бастап кірісті. Соңғы кезде компанияның түрлі қаржылық қиындықтарға ұрынғандығы белгілі. Оның үстіне ұжым ішінде де келіспеушіліктер көп белең алған. Соның дәлелі ретінде соңғы бес жылда компанияда бес директор ауысып, екі уақытша жетекші орынан босаған. 

Марисса Майер өз жұмысын Google компаниясының қарапайым инженер қызметінен бастаған. Кейінірек корпорациядағы еңбегі өрге өрлеген ол осылайша бір интернет компанияның басшылығына келіп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: entrepreneur.com