"Яндекс. Почта" қазақшаға аударылды

"Яндекс. Почта" қазақшаға аударылды

"Яндекс.Почта" қазақшаға аударылды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі компания блогына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аталған блогта "Яндекс. Почтаның" қолданушылары бүгіннен, яғни, 12 шілдеден бастап поштаны қазақ тілінде қолдана алатындығы айтылған. Сервис сонымен қатар белорус, армян, грузин, румын тілдеріне аударылған екен. Пошта жалпы 11 тілде жұмыс істейді. Аталған 5 тілден бөлек ағылшын, түрік, украин, татар, әзірбайжан тілдері де қолжетімді. Интерфейс тілін өзгерту үшін экранның төменгі оң жақ бөлігіндегі шаршыға белгі қойып, ашылған тізімнен керекті тілді таңдау керек. 

Компания бұдан басқа да жаңа функциялар енгізгендігін айта кетелік. Жақында поштамен байланысқан "Яндекс. Диск" сервисының бета нұсқасы іске қосылды. Аталған сервис файлдарды сақтауға әрі файл алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пошта бұдан былай сайттарды вирусқа тексеру мүмкіндігіне ие болды. Осының арқасында хат болып келген сілтемелерді ашпастан бұрын, қолданушы сайттың қауіпсіздігін тексере алады. Және де қолданушылар бұдан былай хат жіберушінің атын ғана емес, әлеуметтік желілердегі фотосуретін де көре алатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mail.yandex.ru сайтының скриншоты