Android-тың адам түсіндіре алмайтын оғаш құрылғылары

Android-тың адам түсіндіре алмайтын оғаш құрылғылары
Фото: selissa.ru

Android операциялық жүйесі көптеген оғаш құрылғыларды нарыққа шығара бастады. Ақылды тоңазтқыштар, кір жуғыш машиналар, тіпті стационарлы телефондар. Біз сіздерге бірнеше нұсқасын ғана ұсынамыз. Қайншалықты қызықты екенін өздеріңіз шешесіздер.

Android негізінде жасалған мультитмедиялық бас сүйегіш-экран

Автокөліктер әлемінде Android негізінде жасалған және тікелей Қытайдан тасымалданатын мультимедиялық құрылғылар көп. Бірақ калифорниялық VizualLogic компаниясы шығарған бұл құрылғының жөні бөлек, басқа стандартты жүйелердің бәрінен өзгеше. Android 2.3 версиясы сымсыз қосылу мүмкінідігімен ерекшеленеді.

Ақылды тоңазтқыш

Android ас үйге де жетті. Анығырақ айтқанда, Samsung компаниясы RF4289HARS тоңазтқышын үлкен экранмен жабдықтап шығарды. Аппарат тоңазтқыштың, мұздатқыштың температурасын көрсетуге қабілетті. Мұздату режимін өзіміз таңдауға болады. Жазба құруға, Twitter парақшасына кіруге, WhatsApp арқылы достарымызбен хабарласуға мүмкіндік қарастырылған. Өмірінің көп бөлігін ас үйде өткізетіндер үшін таптырмас өнертабыс.

Touch Revolution

Көлік жуатын орынға Android-планшет орнату кімнің ойына келген? Touch Revolution компаниясы мұны барынша тартымды етіп шығарды. Гаджет Android 1.5 негізінде жұмыс істейді. Акселерометр сияқты, тағы да басқа қызықты мүмкіндіктермен жабдықталған. Asphalt 8 ойынын ойнауға да болады.

Viewsonic ViewPad 10pro

Бұл нағыз Windows 7 негізіндегі планшет. BlueStucks эмуляторымен, Intel Atom процессорымен жасақталған. 16 ГБ жады орнатылған.

Huawei стационарлы телефоны

Телефон Android 2.2 версиясы негізінде phonearena ұжымымен бірлесе жұмыс істейді.

@. @assel_assanova