Google-дың 5 сервисі жабылады

Google-дың 5 сервисі жабылады

Google корпорациясы өзінің бес сервисінің жабылатындығын айтты. Бұл туралы TechWeekEurope UK хабарлады.

Осылайша компания маңыздылығын жоғалтты деп есептеген қызметтердің жұмысын біртіндеп тоқтатуды жоспарлап отыр. 

2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан iGoogle сервисі кезекті тазалау кезінде қысқартуға ұшырайын деп тұр. Аталған сервис интернет браузердің бастапқы бетіне жаңалықтар лентасы мен Google-дың басқа да гаджеттерін қосуға мүмкіндік беретін еді. Корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл қызметтердің қажеттілігі Chrome, Android платформасына арналған бағдарламалардың дамып, өріс алуының себебінен азайды. Сервис 2013 жылдың 1 қарашасында толығымен жұмысын тоқтатады.

Қысқартуға ұшыраған келесі қызмет - Google Video видеоматериалдар хостингі. Сервис уақытында Youtube-қа бәсекелес ретінде ашылған болатын. Бірақ компания 2009 жылы қолданущыларды Google Video-ға бейнебаян жүктеу мүмкіндігінен айырды. Енді 2012 жылдың 20 тамызында сервис интернет айдынан жоғалады.

Сонымен қатар 2012 жылдың 31 шілдесінде шағын мекемелерге арналған Google Mini корпоративтік іздеу жүйесі жұмысын тоқтатады. Жоба өз жұмысын 2005 жылы бастаған болатын. Google Talk Chatback атты сайт қолданушыларының өзара әңгімелесуіне арналған сервис те шегіне жетіп, оның орнын Meebo баспақ. 

Symbian платформасына арналған іздеу бағдарламасы да қысқартуға ұшырайды. Дегенмен бұл платформа қолданушылары интернет браузерлер арқылы Google-дың мобильді нұсқасын пайдалана алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rplife.com