Galaxy S6 смартфонының қандай дизайнға ие болғанын қалайсыз?

Galaxy S6 смартфонының қандай дизайнға ие болғанын қалайсыз?

Өнімдерін стандартты дизайнмен шығаратын Samsung компаниясы өз стилін біршама өзгертуді ұйғарыпты. Оңтүстік кореялық компания жуырда таныстырылатын жаңа смартфонына қатысты бейресми ақпараттарға әзілмен жауап берген. Компанияның ресми сайтының Is This the Next? айдарында Galaxy S6 флагманды смартфонының аутсайдер-дизайнерлері жасаған нұсқаларына жауап ретінде бірнеше сурет жарияланды.

Төменде осы жексенбі күні Барселона қаласында ашылатын Mobile World Congress халықаралық көрмесінде таныстырылатын Samsung Galaxy S6 смартфонының бес түрлі дизайны көрсетілген. Ұсынылған болжамдарға орай, флагманды өнім алдыңғы динамика, үш жақты дислпей, үлкейтілген экран мен көрінбейтін және берік корпусқа ие болады. 

Осыған дейін Samsung компаниясы мұндай дербес болжамдарға көңіл аудармаған болатын. Кейде Apple өнімімен салыстырып, сот үдерісіне дейін жетуін елемесек, бұл компанияның болжамдарға қатысты алғашқы сәтті әзіл аралас жауабы болып отыр.

Ендеше Galaxy S6 концептіне қатысты бес түрлі болжамды ұсынамыз:

Алдыңғы динамика

HTC One смартфондарында алдыңғы динамикасы болғаны үшін нарықта өз үлесін алып отыр. Ал егер осындай технологияны Galaxy S6 өніміне қолданып көрсек ше?

Берік корпус

Смартфонды түсіріп алуға қорқатын тұтынушылар корпустың берік болғанын қалайды.

Үш жақты дисплей

Үш жақты. Пирамида іспеттес Galaxy S6 флагманды смартфоны.

Үлкейтілген экран

Жан-жағына бірдей тартылған экран.

Көрінбейтін корпус

Осылай Galaxy S6 көзілдірік салатын сыртқапқа ұқсайды.

Сурет: www.samsung.com, www.3g.co.uk

Оқи отырыңыз: 

HTC One M9 смартфоны сатылымға қашан шығады?

LG төрт жаңа смартфонын таныстырды

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Ж. Өрісбай