Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Бірнеше күн бұрын Microsoft компаниясы Windows 10 нұсқасын таныстырып, оны тегін қондырып алуға болатынын хабарлаған еді. Бұл мүмкіндік барлығына бірдей болғанымен, ARM-процессорына ие, Windows RT платформасы орнатылған планшеттерге қатысты айтылмапты.

Бастапқыда Microsoft өкілдері Surface Pro 3 пен өзге де Surface моделіндегі гаджеттердің жаңа Windows 10 жаңартуын тегін алуын айтқан еді. Дегенмен планшеттер оперативті жүйенің толық нұсқасына ие бола алмайды екен. Бұл планшеттерде аталып өтілген функциялардың барлығы қамтылмайтынын білдіреді.

«Біз қазіргі кезде RT-планшеттерінің Windows 10 нұсқасына қол жеткізулері үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оған қатысты толық ақпарат кейіннен жарияланады», - дейді компанияның ресми өкілі.

Расында сіз бен біз Windows оперативті жүйесі негізіндегі RT-нұсқасының нарықтан шығып бара жатқанына күә болып отырмыз. Себебі толық қамтылмаған функциялар тұтынушылардың көңілінен шықпасы анық. Сәйкесінше RT-планшеттердің әлемдік нарықтағы үлесі төмендейтін болады.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Microsoft компаниясы RT-жүйеден түгелдей бас тартуы мүмкін. Себебі Windows 10 нұсқасы кез келген гаджетке бейімделіп жасалынған. Көп өтпей тұтынушылар RT-нұсқаны қажет етпей қалатын болады.

Сурет: www.digitaltrends.com

Оқи отырыңыз:

LG Microsoft Surface Pro 3 аналогын шығарады

Dell 3D-камерасы бар планшет шығарды

Windows-планшеттер 12 000 теңгеден сатылады

Ж. Өрісбай