iPhone 6 vs Galaxy S5: жылдамдыққа тест (видео)

iPhone 6 vs Galaxy S5: жылдамдыққа тест (видео)

Phonearena порталының инженер мамандары IT-нарықтағы соңғы кездері ең актуальды болып жүрген мәселенің түйінін табу мақсатында тәжірибе жасап көрді. Нақтырақ айтатын болсақ, олар iPhone 6 мен Galaxy S5 смартфондарының жылдамдыққа жұмыс істейтінін бақылап көрді. Тексеру барысында екі смартфонды бір уақытта іске қосып, оның барысын есепке алып отырады.

Дегенмен, нәтижені толық салыстыруға мүмкіндік болмағанын арнайы мамандар ескеріп отыр. Әйтсе де, мақсатты жұмыстың екі түрлі смартфонға қойған талаптарын iPhone 6 смартфоны жылдамдау орындағаны белгілі болды. Әсіресе iPhone 6 камерасының өте жылдам фокусқа алу барысы ескеріліпті.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай