Үздік 25 мобильді қосымша

Үздік 25 мобильді қосымша

Жаңа смартфонды сатып алған қолданушының ең бірінші айналысатын ісі – әр түрлі қосымшаларды өз аппаратына жүктеу. Дәл сондай кезде, «қандай қосымшаны көшіріп алған дұрыс» деген оймен жүріп қалатынымыз рас. Сондықтан біз сіздерге CNN агенттігінің топтастырған мобильді қосымшалар рейтингін ұсынуды жөн көрдік.

 

Топ 5 жаңа құрам

Ridiculous Fishing — бұл арнайы смартфондарға арналып жасалынған ойындардың бірі болып табылады. Біршама өзгеше графикамен өрнектелген, бос уақытты жұмсауға таптырмайтын балық аулау ойыны.

Dots — әйгілі Cande Rush қосымшасына өте ұқсас келетін, бірақ одан біршама жаңа ойынның түрі.

Vine – видеороликтерді жариялауға арналған Twitter ұсынған қосымша. Әзірге оған деген сұраныс талабы арта қоймағанымен, оның қолданушылары тұрақты түрде көбейіп келеді.

Hangouts — Google ұсынған кросс-платформалы мессенджер. Енді смартфонда көп уақытын өткеретін қолданушылар ешбір қиындықсыз аталған қосымшаны қолдана алады.

VSCO cam — бұл қосымша 2012 жылдан бері шығарыла бастаған болатын. Дегенмен, ең соңғы нұсқасының қатты жаңартылғаны сонша, оны тіпті бөлек қосымша деуге де болады. Қазіргі кезде аталған қосымша фотоларды өңдеп, жариялауда сервистерінің арасында алда келеді.

Топ 5 кросс-платформалы қосымша

Snapchat — фото мен видеоны жариялауға арналған кезекті қосымшалардың бірі. Бір қызығы, жарияланған видео немесе фото көрілгеннен кейін өшіріліп кетеді.

WhatsApp — расында, ең ұтымды мессенджер болмаса да, бүкіл әлемде беделі артып, бірдей қолданылғандықтан рейтингке еніп отыр.

SoundCloud — бұл MySpace Music пен Twitter-лердің қосылған әмбебап қосымшасына келеді. Аталған қосымшаның тартымдылығы сіз өзіңіз ұнатқан әншіні өз парақшаңызда жариялайсыз. Ал сосын сол әншінің қандай жаңа альбомы немесе әні шығатын болса, сіз оны бірден көре алатын боласыз.

Dropbox — ғаламторда құжаттарын сақтауды жөн көретін адамдар үшін жасалған. Өз аккаунтыңызға әрқашан смартфоныңыздан кіре алатын боласыз.

Kindle — бұл тек қана кітаптарды смартфонға немесе планшетке көшіріп алу ғана емес, оған қоса, PDF форматтағы кітаптарды да ашып оқуға мүмкіндік беретін қосымша.

iPhone-ға арналған топ 5 қосымша


Google Search — бастапқыда Google компаниясының Apple өнімдеріне арнап жасап шығарған өнімдердің ең нашары болатын. Дегенмен, компанияның іздеу платформасына дыбысты тану жүйесі мен интеллектуалды іздеуді қосқаннан кейін ең маңызды қосымшаларға айналды.

Fantastical 2 — iOS7 стандартты күнтізбесін ауыстыра алатын қосымша.

Level — автоматты түрде сіздің күндік, апталық және айлық шығындарыңызды есептеп, сосын сізге шығыныңыздың аз не көп екендігі туралы есеп беретін қосымша.

Mailbox — өз атауынан белгілі болғандай, бұл сіздің поштаңыздың менеджері.

Figure — уақытты жылдам өткізуіңізге көмектесетін музыкалық синтезатор.

Android-қа арналған топ 5 қосымша


1Weather — ұқыпты жинақталған ақпараттар мен көркем дизайнға ие ауа райының хабаршысы.

Google Now Widget  — арнайы Android платформасына жасақталған, Google-дің іздеу батырмасы бар қосымша. Кейде, сіз туралы сізден де көп білетін қосымша секілді болып кетеді.

SwiftKey 4 — стандартты пернетақтаның орнына қолданылатын қосымшалардың бірі.

Aviate – телефонның органайзер-қосымшасы. Қолданушыға ыңғайлы етіп смартфондағы барлық ақпаратты реттеп отырады.

Car Widget — көп уақытын көлік айдауға жұмсайтын адамдарға арналып жасалынған қосымша. Көлікті басқарып бара жатқанда телефондағы қажет ақпаратты жылдам табуға көмектесетін болады.

iPad-қа арналған топ 5 қосымша


Paper –  қарапайым сурет салуға арналған қосымша. Кішігірім скетчтер, қолмен салынған суреттер мен ілмектерді жасауға арналған.

iA Writer – ең қажетті құжаттарды жинақтайтын мәтіндік редактор.

Traktor DJ – нағыз диджей болуды армандайтын адамдарға арналған қосымшаға келеді. Қосымшаны көшіріп алу арқылы музыкалық қабілетіңізді дамытатын боласыз.

How to Cook Everything –  үйде тағам дайындауға көмектесетін және пайдалы кеңестер беретін кестелерге толы қосымша.

Superbrothers: Sword and Sworcery EP – басында кез-келген шыдамсыз адамға біртүрлі түсініксіз болып көрінетін ойын түрі. Дегенмен, шығарылғанына 3 жылдың көлемі болмай қолданушылар ол туралы жақсы пікірлерін қалдырып келеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.officerreports.com

Ж. Өрісбай