Google Chrome браузері Internet Explorer-ді басып озды

Google Chrome браузері Internet Explorer-ді басып озды

Google Chrome интернет браузері қолданушылар саны бойынша Internet Explorer-ді басып озды. Бұл StatCounter статистика сервисының мәліметтерінен белгілі болды. 

14-20 мамыр аралығындағы рейтинг бойынша, интернет кеңістігінде қолданушылардың 32,7 пайызы Chrome-ды, 31,94 пайызы Internet Explorer браузерін пайдаланыпты. Естеріңізде бар болса, жарты жыл бұрын Google Chrome қазіргі таңда қолданушылардың 25,47 пайызын өзіне үйіріп отырған Mozilla Firefox-ты басып озған еді.

Кейінгі орындарды Safari (7,08 пайыз) мен Opera (1,74 пайыз) өзара бөлісіп тұр. Бірақ кейбір басқа сервистердің мәліметтеріне сенсек (Net Marketshare, NetApplications), көштің басында әлі күнге дейін Internet Explorer мен Firefox келе жатыр екен.

Google компаниясы өзінің браузерін 2008 жылы жасап шығарған. Бұл құрал басқалармен салыстырғанда өзінің ыңғайлылығымен, жылдамдығымен ерекшеленеді.

сурет: danidar.ru