Firefly смартфоны iPhone-ді басып оза ала ма?

Firefly смартфоны iPhone-ді басып оза ала ма?

Amazon компаниясы маусымның 15-і күні таныстырылған The Fire деп аталатын смартфон телефонын сатып алмақшы. Бұл құрылғы Amazon компаниясының бірінші сауда жасау смартфоны болады. Аталған телефонның мақсаты – тауар айналымын кеңейтіп, жұрт назарын Амазон онлайн-дүкендеріне аудару.

Смартфонның негізгі аты – Firefly. Оның құрылғысы сурет, мәтін, музыка, кино және тағы да осы секілді көптеген қосымша үстемені сканерлеп тану технологиясымен жабдықталған. Телефонның бүйір жақ батырмасы сізге веб, @mail мекенжайларын, телефон нөмірін, штрих-код, өнер туындысын, жалпы саны 100 миллионға жуық бірлік амалдарын тез танып, оңай табуға мүмкіндік береді. Ол дегеніңіз, ғаламтор желісі арқылы қалаған затыңыздың бағасы мен қайда сатылатыны туралы толық ақпарат ала аласыз деген сөз. Мысалы, смартфонның камерасы мен сенсорлы дисплейі арқылы экзотикалық жеміс-жидектер мен көкөністерді және радио аппаратындағы әншінің дауысын анықтауға, жеке адамның бизнес-картасын сканерден өткізгеннен кейін жаңа байланыстың @mail поштасына еркін хаттама жіберуге болады. Firefly смартфоны 70 миллион бұйым, 35 миллион ән, 245 000 фильм және теледидарлық бағдарламалар мен 160 тв каналын сканерлеп таниды.

Сарапшылардың ойынша, бұл құрылғы IPhone, Samsung, Google сияқты компаниялардың алдын орап кетуі әбден мүмкін. Себебі бұл құрылғы олар жете алмай жүрген 3D  экранын жасап шығарған. 

Оқи отырыңыз:

Сымсыз қуаттағыш сиқыр емес

Galaxy Tab S: Samsung планшеттерінің жаңа сериясы

Технологияның соңғы жаңалықтарынан құлағдарсыз ба?

Қытай қазақтары "Zerde" деп аталатын смартфон шығарды

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.globenews24.com

Н. Нұрмаханұлы