Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Google қазақ тілін түсінетін болады

Google қазақ тілін түсінетін болады

Google қазақ тілін түсінетін болады

Google іздеу жүйесі туралы жазып жүрміз. Бүгінгі әңгімеміз де осы бір әйгілі торап төңірегінде...

Google-да онлайн карталар мен жеке электронды пошта, бейнероликтер тамашалау қызметі мен афишалар бар. Осының ішінен Google Translate функциясына тоқталамыз. Атауынан байқағаныңыздай, бұл функция мәтін бөлігін немесе веб-парақшаны басқа тілге аударып береді. Енді google қазақ тіліне аудару функциясымен толықпақ. Бұл туралы Алматы қаласында өткен  халықаралық түркі тілдес Википедия конференциясында сөз етілді.

Google Translate - Google компаниясының бір тілден екінші тілге мәтінді немесе веб-парақшаны тегін аударып беретін веб-қызметі. Бұған қоса, бұл қызмет бүкіл веб-парақшаны қолданушыға керек тілге аударып беруді қолдап, іздеп жатқан мағлұматты басқа тілден тауып беру функциясымен көзге түседі. Веб-қызмет шет тілінде жазылған мақала немесе ақпараттың жалпы мағынасын түсінуге мүмкіндік бергенімен, әзірге мәтінді түпнұсқадағыдай аударып бере алмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 20-21 сәуір күндері өткен халықаралық түркі тілдес Википедия конференциясында қазақ тілді контентті дамыту мен оны көбейтудің түрлі жобалары қарастырылған болатын. Дәлірек айтқанда, басты мәселе "Қазақстанның ашық кітапханасы" құрылысы жайлы сөз етілген еді. Бұл жобаның ішіне "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарлама аясында басылымға шыққан барлық кітаптар мен қазақ тілінің аудиохрестоматиясы мен қазақ әдебиетінің толық аудиотекасы кіреді. Бұған қоса, кітапхананың құрамына қазақ тілді сөздік-анықтама құрал енеді. 

Осылайша, Google компаниясы қазақ тілді контенттің дамуына атсалыспақ.

Сурет:mygazeta.com

3642 10
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 23 сәуір 2012, 11:33
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 11:38

сөйлем.кз аударатын еді ғой, транслейтгуглсомның аудармасы сапалы болса екен :roll:

+0
23 сәуір 2012, 12:09

Сапалы болатын шығар, бұл керемет машина ғой, яғни аудармаларды қазақша-өзге тілдегі контенттерді салыстыру арқылы қалыптасады.

+0
23 сәуір 2012, 11:44

мм мынау бір жақсы жаңалық екен.

+0
23 сәуір 2012, 14:36

бастапқыда интернет деген кезде гугл интернет пе екен деп ойлайтын болатынмын, кейін түсіндік :lol: :lol: :lol: гугл жасасын қазақ тілін қосатындары жақсы бастама мына википедияны қарасам да көбіне сол википедиядай болмасын деп тілейік википедиядағылар ренжімес алға гугл :!: :!:

+0
12 мамыр 2012, 14:42

Нұр Бек бауырым! Google Translate Қазақ тілінің дамуы үшін қазақ тілінің контенті көп болу керек, өзге тілдерден аударылған сөздіктер мен мәтіндерде көп болғаны жөн. Оның ішінде: блог, жаңалық, мақала, немесе кәдімгі шығарма. Ал Википедияға (негізі Уикипедия) келсек, оның ішінде Сіз естімеген, не болмаса айтылуы ыңғайсыз сөздер бар шығар, бірақ бұл сөздерді шығарған Қазақ атамыз кінәлі емес шығар, өзге тілдерден алғанша өз тіліміздегі сөздерді неге қолданбасқа, неге қолданыс аясына енгізбеске! Және айта кететіні, осы аударма машинасына қазақ тілінің енуі үшін Уикипедияның үлес салмағы өте зор, сен олай айтпа! :!: "сол википедиядай болмасын деп тілейік" деген не сөз :?: Онда өзге тілдің сөздері емес өз қазағымыздың сөздері жазылған, және де оны дамыту дегеніміз - қазақ тілінің контенттін дамыту, егер өзге тілдерден аударылған мақалалар көп болса, Google-ге аударма жасау анағұрлым оңайырақ болады. Оны өзімде конференция кезінде естідім. Сіздің бұл пікіріңіз орыс тілінің ықпалынан пайда болған деп ойлаймын, орыс тілін қазақ тілімен "көжелеме", оны :arrow: "қоқыс жәшігіне таста". Қазіргі кезде тілімізге орыстың сөздері сіңіп кеткен, кейбіреулер "оны қолданыстан алып тастау қиын дейді " Неге? Оны бізге біреу күштеп айтқызды ма? Ол да біз үшін проблема болмауы керек. Көп сөйлеп көпірмей, іспен дәлелдейік! Өзіңде Қазақша Уикипедияға үлесіңді қос, және қоса аласыңда, егер келіспейтін, яғни бұл сөз қазақ тілінде жоқ не болмаса қолданбайды деген шағымдарың болса, Уикипедиядағы Басты беттің талқылау бетіне (http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%83:%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82) жаз. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ЖАНАШЫР БОЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

+0
16 қыркүйек 2012, 22:10

Данияр Нұрбек мүмкін жалпы Уикипедия туралы айтып отырған шығар. Қателер қазақ уикипевиясында ғана кездеспейді барлығында кездеседі. Қазақ уикипедиясы жаңа ғана дамып келе жатқаны рас. Уикипедияның қадір-қасиетін білетін адам олай айтпас еді. Кітапханаға барып мыңдаған кітап, энциклопедия, анықтама, сөздік қарағаннан қарағанда бір ғана уикипедия сайтынан кез келген мекенде кез келген уақытта яғни мекен мен уақытқа тәуелсіз (кітапхана түнде істемейді :D ) кез келген ақпаратты жылдам тауып алуға болады. Бірақ уикипедияшылар сол контенті толтыру үшін кітапханаға барамыз ;)

+0
26 сәуір 2012, 10:41

керемет екен :D мынау бір жақсы болды гой

+0
26 сәуір 2012, 10:42

аудармашысы сапалы деп ойлайм :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...