Оқ дарытпайтын iPhone

Оқ дарытпайтын iPhone

Кейбір қап өндірушілері кейде тым әуестеніп сөзбен түсіндіре алмайтын чехолдар жасап шығарады. Бүгін сіздерге ұсынылып отырған чехол соның бірі. 

Жапондық компания Marudai оқ дарытпайтын iPhone-ға арналған корпус шығарды. Салмағы шамамен екі килограмм болатын ұялы телефон қабы металдан жасалған. Ол қымбат Apple смартфонын кез келген оқ пен жарықшақтардан қорғайды.

 

Болат пен алюминийден жасалған ерекше аксессуардың қалыңдығы 2,5 сантиметрге жетеді. Алайда ол бағалы телефонның тек артқы жағын қорғайды. Өндіруші компанияның мәлімдеуінше, бұл қап 50-калибрлі оққа төтеп бере алады.

Брондалған қап iPhone қолданушыларына 650 АҚШ долларына түседі. Өндірушілердің қап дизайніне көңіл бөлгендері соншалықты, жаңа өнім екі түсте шығарылады. Мұндай чехолдар ақ түсті iPhone 4/4S -ы бар адамдарға тамаша жарасады. Мұндай түрленуді қыздар ерекше бағалаулары тиіс, себебі чехол көлемінің үлкендігі соншалықты, сөмке ішінен ұялы телефонды іздеудің қажеті болмайды. Осындай чехолды ұнатып сатып алам деушілерге жапондық компания қосымша сыйлық ретінде бос оқ сыйлайды екен.

Сонымен қатар, ақылға қонбайтын өнертабыс ретінде iPhone 4 ұялы телефонына арналған қап сатылымға шықты. Ол Dokkiri деп аталады. Оның басқа чехолдарға қарағанда басты ерекшелігі корпус бетіне жабыстырылған үлкен қоңыз. Чехол дизайні ағаш қабығына ұқсатылып жасалған.

                                                                                

Келесі кезекте тағы бір ерекше өнертабыс. Өнертапқыштар  iPhone 4 үшін балаларға арналған шәркейге ұқсас ұялы телефон чехолын жасапты. Ол силиконнан жасалған екен. Бір қызығы мұндай қаптардың бағасы бар-жоғы 2 доллар тұрады.

Сурет: www.macdigger.ru, strapya-world.com, aliexpress.com

Ж. FM