Sony Xperia Z Ultra жарыққа шықты

Sony Xperia Z Ultra жарыққа шықты

Жапондық Sony компаниясының соңғы кезде біраз шу туғызған Xperia Z Ultra смартфоны ресми түрде таныстырылып, жарыққа шықты.  

Сонымен Xperia Z Ultra смартфонымен жақыннан танысып көрейік. Смартфтон 6,4-дюймды мүмкіндігі 1920х800 пиксельді Triluminos дисплейімен жабдықталып және төрт ядролы, 2,2 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын Qualcomm Snapdragon 800 процессорымен жұмыс жасайды. Құрылғының оперативті жады 2 ГБ құраса, флеш-жады - 16 ГБ. Сондай-ақ microSD картасына да орын табылады. Операциондық жүйе ретінде Android 4.2 Jelly Bean орнатылған.

Девайс 8 мегапиксельді Sony Exmor RS камерасымен жабдықталып және ол NFC, WiFi және Bluetooth сымсыз технологияларын қолдайды. Соншалықты үлкен экранына қарамастан гаджет жіңішке (6,5 мм) және жеңіл (212 г) күйін сақтап қалды. Ондағы аккумулятордың сыйымдылығы 3000мА/сағ құрайды. Ал корпусы оны ылғал мен шаңнан толық қорғай алады. 

1

Sony Xperia Z Ultra биылғы жылдың күз айына қарай дүкен сөрелеріне шығады деп күтілуде. Ал оның қандай бағамен сатылатыны әзірге жариялана қойған жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет