Google қолданушыларын Интернетке әуе шарларының көмегімен қоспақшы

Google қолданушыларын Интернетке әуе шарларының көмегімен қоспақшы

Google компаниясының инженерлері Жаңа Зеландияда қолданушыларды тұңғыш рет Интернетке аэростаттар көмегімен қосу жобасын сынақтан өткізуді бастап кетті.

Аталған сынақ барысында Крайстчерч қаласының маңында гелий газына толы отыз шақты әуе шары көкке көтерілген. Осының арқасында әр аймақтағы зерттеуге ат салысқан 50 қатысушы Интернетпен қамтамасыз етілген көрінеді. Ол үшін сынақтан өткізушілердің үйінде аэростаттан 3G технологиясы бойынша сигнал қабылдайтын арнайы антенналар орнатылған. Болашақта осындай сынақ жұмыстары Аустралия мен Аргентинада жасалады деп күтілуде. 

Google компаниясы жаңа технологияны табиғи апаттардан зардап шеккен немесе жетуі қиын аймақтардан Интернет көмегімен тез хабар алу мақсатында пайдаланбақшы екен. Интернет-компанияның сөзінше, қазіргі кезде әлемнің 4,7 миллиард тұрғыны сымсыз Интернет байланысына қол жеткізе алмай отырған көрінеді. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: canadianletters.com