Айфонмен хош иісті смс жолдағыңыз келсе...

Айфонмен хош иісті смс жолдағыңыз келсе...

Қашықтықтан иіс шығаратын аппарат жасау жолында өнертапқыштардың қаншама қадамы сәтсіз аяқталды десеңізші. Бір нұсқадан келесі бір нұсқа жасағанға дейінгі аралықта барлық қадамдар мүмкін емес болып жататын...

Жапондық “Chaku Perfume” парфюмер компаниясы осы бір тұста бар батылдықтарын жұмылдырып, ересектердің ойыншығы - Айфонды аталған идеяның "құрбаны" қылып көрген.

Өнертапқыштардың ортақ туындысы саналатын "Chat Perf" өнімі бүріккіш қондырғы мен шап-шағын ауыстырмалы сұйыққоймадан (иіс сақталатын) тұрады. Және қажетті иісті жеткізу үшін келесі жақтың тұтынушысында да иіс сақталған қалып (жаңа өнім) болуы тиіс.

Хош иісті аппарат иіс аңқып тұрған смс-ок мен электронды хабарламалардан өзге, хабарламаның жеткен-жетпегенінен де хабар береді.

Сонымен қатар, хош иісті қондырғыны мобильді ойындарда қолдануға болады (мәселен, оқ дәрісінің иісі немесе жарыс жолында бензин иісіне имитация алу үшін).

Компанияның ойынқұмар жандарға арнап топтастырған толық бағдарламалық комплексі де бар болып шықты.

"iOS" пен "Android" секілді өнімдерде қолданысқа ие болатын "Chat Perf" девайсы осы жылдың қыркүйек айында нарыққа шықпақ. Бағасы 50 доллардың көлемінде болуы мүмкін.


Сурет:zoom.cnews.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига