Cусалқындатқышы бар жер бетіндегі ең алғашқы смартфон

Cусалқындатқышы бар жер бетіндегі ең алғашқы смартфон

Салқындатқыш сұйықтығына ие есептеуіш жүйелі атом реакторы, автомобиль қозғалтқыштары әлемде жасалып та үлгерілді. Және кремнийлі миын қозғау үстінде қайта-қайта қыздырудан аянбайтын смартфон да бұл қатарда қалыс қалмақ емес.

Құр қол отыра алмайтын жапондықтар өзгелер салқындатудың тиімді жүйесін алып машиналарда жасап үлгермей тұрып, жер бетіндегі ең алғашқы сусалқындатқышы бар “Medias X N-06E” смартфонын жасап шығарды.

Осы бір шағын денелі жоғарытехнологиялы өнімде алып жүрек соғып тұр - төртядорлы "Snapdragon S4 Pro" процессоры (әр элементке 1700 МГц жиілікпен). Ішіңіз біліп отырғандай, мұндай арындап тұрған қуат-күш радиаторлы қосымшасы (придача) бар үстел үсті компьютерінде жақсы сезілсе де, пластикалық корпус ішіне қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Мобильді құбыжықтың жиілігін 1900 МГц-ке дейін қуалауға болады, алайда, аталған үлкен бетбұрыстың өзі орталық процессордың қысқа ғұмырын қатты қысқарта түспек.

Сурет:www.ixbt.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига