Алматыда I-MIX-2013 интернет-конференциясы өтеді

Алматыда I-MIX-2013 интернет-конференциясы өтеді

Алматыда I-MIX-2013 ірі интернет-конференциясы өтетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шара мақсаты Орта Азия елдеріндегі қарқынды дамып келе жатқан Интернет салаларымен тәжірибе алмасу және оларды нарыққа барынша бейімдеу.   

Ұйымдастырушылар конференция аясында үш топпен өтетін 12 тақырыптық секция болады дегенді айтты. Интернет-конференцияда Қазақстан, ТМД және жақын шет елдерден жетпістен аса спикерлер сөз сөйлемек. Сондай-ақ шарада стартаперлер "Біз стартап іздейміз" атты байқауда өздерінің жобаларын таныстыруға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, конференцияға қатысу тегін болмақ. Бірақ ол алдын-ала тіркелуді қажет етеді. Шара Алматыдағы "Бақшасарайда" өтеді. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: iport.kz

Б. Қосмағамбет