Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ұялы телефон: Аңызға айналған телефондар

Ұялы телефон: Аңызға айналған телефондар

Ұялы телефон: Аңызға айналған телефондар

Нарыққа шыққан кейбір ұялы телефондар қарапайым халықтың жүрегін жаулап алды. Олардың көбі қазіргі кезде коллекционерлер мен бірен-сараң қолданушылардың меншігінде. Сонымен, бүгінгі әңгімеміз баршаға танымал ұялы телефондар жайлы болмақ.

Классикадан бастасақ.

Nokia 3310

Әйгілі nokia 3310 ұялы телефонын көрген боларсыз. Иә, бұл "кірпішті" аға-тәтелеріміз бен ата-аналарымыз сөмкелерінде сақтап, керек кезде қоңырау шалып отырған. Біле білсеңіз, бұл телефон 2000 жылы нарыққа шыққан болатын. Монохромды, яғни бір түсті дисплейі бар моноблок классикалық корпуста орындалған. Nokia-ның қарапайымдылығы соншалықты, тіпті оны кішкентай бала да қолдана алады. Міне, "Қарапайым дүниенің бәрі керемет" деген сөзді осы телефонға қатыстырып айтуға толықтай негіз бар. Телефонның 84*48 нүктені қолдайтын дисплейі болды. Бұл үлгінің бір жақсы жері - оның беріктілігінде. 3310-ды суға лақтырсаң батпайды отқа, лақтырсаң жанбайды - деп дүниежүзіндегі миллиондаған қолданушы әзілдеп отырады. Сөздерінің жаны бар- ау. Расында да бұл телефонды 2-3 метр биіктіктен мәрмәр еденге, немесе суға құлатып алған адамдар түк болмағандай телефонды көтеріп алып, өз жөнімен жүре берген. Үлгінің берік болғаны соншалықты, онымен жаңғақты қағып алуға болады. Міне, нағыз беріктіліктің эталоны ретінде nokia 3310-ды тануға болады.

Motorola RAZR V3

RAZR V3 қатты металмен қапталып, 0,3 мегапиксельді бейне-фото камерамен жабдықталған "раскладушка" еді. Телефонның 2,2 дюймілі 176*220 нүкте шешуі бар 262 мың түсті ажырата алатын дисплейі бар. Сырты металмен қапталған телефон ұстараға ұқсағандықтан, қарапайым халық оған осындай атау берді. Камерасы қазіргі заманауи құрылғылармен еш салыстыруға да келмейді. Бірақ, 2004 жыл үшін бұл өте үлкен қадам еді. Құрылғының ішкі жады бар-жоғы 7,2 Мб. Жады карталарды бұл үлгі қолдамайтын. Бірақ кейінгі V3i үлгісінде бұл мүмкіндік іске асырылды. Негізі телефон бизнесмендер мен қалталы адамдарға арналған еді. V3 стильді, әрі заманауи дизайнмен көзге түсетін. Міне, классикалық үлгінің тағы бір данасы тарихта қалатын сияқты. 

Nokia 6230

Қазіргі заманауи телефонның функционалында не бар? Тізіп шығайық: мр3 ойнатқыш, фото-бейне камера, bluetooth модулі. 2004 жылдың қараша айында нарыққа шыққан Nokia 6230-да бұның бәрі бар еді. Керемет емес пе? Сол кездегі телефонның бағасы өте қымбат еді. Бұл телефонды сатып алуға кейбір адамдардың бірнеше айлығы да жетпейтін, ал қазір болса, 6230-ды қолдан екі-үш мың теңгеге сатып ала аласың. Жаңасын емес, әрине. Сонда да классиканың аты - классика. Бұл телефон да халқымыздың сүйікті телефонына айналып кеткен.

Сонымен, бүгін біз класикалық үш телефон туралы сөз қозғадық. Сізде осы телефондар болса, немесе танысыңыздан осындай телефонды көрген болсаңыз, өз пікіріңізді айта отырыңыз! 

Суреттер: mobiguru.ru

8751 17
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 11:26

Nokia 6230 бір құрбымда болған, 2курста ғой деймін ) Соны әлі күнге дейін ұстап жүр хехе, енді түрін елестете беріңіз ) расымен мықты телефон! )

+0
20 наурыз 2012, 11:39

алпыс екі отыз тема телефон ғо, әлі күнге дейін тірі даналары бар ау дим. Зелбазарға барып алмасам))

+0
20 наурыз 2012, 11:28

3310 кірпіш бізде де болған кезінде) Әлі есміде, 9 800 теңгеге сатып алғанмын)))

+0
20 наурыз 2012, 16:36

ана Матароланы ұрлакеткен аптобуста. Сосын сони ериксонның касемсоты болган. олда атактылардың бірі едіғо

+0
20 наурыз 2012, 17:24

мә к700 есімде бар, 42 мб жадысы бар еді ғо, бар жоғы бір он ән жазсаң мәз боп жүретінсің

+0
20 наурыз 2012, 17:30

джойстигі төмен жылжымай қанды ішуші еді))) керек контактіңді табамай қаласыңғо асығыс кезде)

+0
20 наурыз 2012, 18:01

)) мектептегі кездерім есіме түсіп кетті ғо

+0
20 наурыз 2012, 17:50

біздің кеееейін балаларымызға айтып отыратын әңгімеміз ғой мынау...
- Ияяя, балам, осындай да осындай Нокия пәленше деген телефон болған, оны ұстағандар "крутой саналатын". Сендердікі қазір не мынау ұстап жүргендерің? Ол кездің соткалары мықты еді",- деп))

+0
20 наурыз 2012, 18:02

ИӘ, бұйырса сүйтіп балаларымызға әңгіме айтамыз))

+0
20 наурыз 2012, 18:06

хахахаха ) сондай әңгімені естіп отыруға жазсын! )

+0
20 наурыз 2012, 18:20

ең алғаш алған соткам 6230 еді, ауылда жездем устап жур, озім 20 000(жиырма мың) тенгеге алып,1,5жыл устап
5 000 теңгеге сатып кеткем. жездемнен корген сайын козиме ыстык корінеді.)))

+0
20 наурыз 2012, 18:54

))) жездеңізге сатпадыңыз ба?? 20 мыңға)))

+0
21 наурыз 2012, 12:27

алмай койды гой )) 5 мыңға арен откиздим гой)))

+0
20 наурыз 2012, 21:28

Bul tizimge SE K750i telefonyn kosuga bolady, ali kunge dein koldanyp jurgen adamdardy koremin.

+0
21 наурыз 2012, 12:55

к700, к750 кезіндегі тема телепондар еді

+0
02 сәуір 2012, 12:03

Менде бір нокиа бар. Динозавр. Нешінші моделі екенін тіпті нокианың өз сайтынан таба алмадым. Салмағы 600 граммдай, үлкендігі көзілдірік сауытындай болады. Сим картаны тұтас картасымен бүтін өалпында сындырмай салу керек. Бір қызығы әлі істейді))))

+0
02 сәуір 2012, 12:07

Сақтап қойыңыз, біраз жылдан кейін құнды антиквариат ретінде қымбатқа сатып жібересіз :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...