Nao-робот жазуды үйренді

Nao-робот жазуды үйренді

Компьютер алдында отыратын заманда қаламмен жазу қаншалықты қалып барады? Мәселен, сіз соңғы рет қашан жаздыңыз?

Фрэнк Кальсада (Franck Calzadа) есімді инженер роботтар жасаудың маманы. Ол таяу уақытта қаламмен жаза алатын роботтың мінсіз нұсқасын жасап шығарғысы келеді екен. Ал қазірде оның жасаған роботы қалам мен қағаз алып, бұйрық етілген сөздерді ақырын жаза алады. Бір ерекшелігі ол көрген емес, естіген сөзін ғана жазады. Бірақ мұндай роботты қазір сатып аламын десеңіз қалтаңызға тереңірек сүңгуіңіз керек болады. Роботтың аты - NAO. Робот тек бір адамның ғана сөйлеу мәнерін тыңдап, мағына анықтау алгоритмі арқылы жұмыс істейді. Десек те, дыбыс анықтау қызметінің әлі де мінсізденбеген құрылғысы қателіктер жасайды.

Айта кету керек, Фрэнк Кальсада Aldebaran Robotics компаниясының NAO роботтарды жасаумен айналысатын бірден бір маман. Бұл компаниянң жасаған роботтары түрлі өткен жарыстарда көптеген марапаттарға ие болып, әлемге аты танылған. RoboGames және RoboCup жарыстары бұған куә.

Өз жұмысында маман роботтардың ойнай алатын және басқа да әрекет жасай алатын қызмет көрсетуіне мүмкіндік жасаған. Ал жаза алу мүмкіндігін іске қосу тәжірибеде тұңғыш рет орын алып отыр екен. Егер бұл робот мінсіз бола алса әлемнің сұранысқа ие мамандарының бірі болатынына сенім білдіреді құрастырушылар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: dailytechinfo.org

А. Құлтай