Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Apple мен Samsung арасында тағы да дау шықты

Apple мен Samsung арасында тағы да дау шықты

Apple мен Samsung арасында тағы да дау шықты

Apple компаниясы Калифорнияның аймақтық сотына Samsung-тің 22 мобильді құрылғысының үстінен шағым түсірді. Алмалы компанияның ойынша, Samsung iOS интерфейсіне қатысты патенттерді ұрлаған. Енді осы шағымға қатысты сот шешімі келесі жылы шығады.  

Тізімге танымал гаджеттер де кіреді. Олар Galaxy S III, Galaxy Note II, Galaxy Note 10.1 және Galaxy Tab 2 10.1. Бұдан бөлек, американдық компания өз "қара тізіміне" жаңа Galaxy S4 смартфонын да енгізген. 

Сонымен Аррle құжатына назар аударайық. Онда былай делінген: "Samsung компаниясы жақында өзінің жаңа Galaxy S4 смартфонын таныстырып, ол 2013 жылдың сәуірінде сатылымға шықты. Біз жасаған анализ бойынша, бұл девайс та біздің патентті бұзып отыр. Сондықтан да ол "қара тізімге" енуі керек. Қазір біз арыз берген 22 девайстың барлығы да біздің технологиямен жасалынған".  

Осы орайда Samsung те қарап қалған жоқ. Қарсы шағым түсірді. Олардың пікірінше, iPhone, iPad, iPod, Mac және Apple TV өнімдері технологиясының барлығы да оңтүстік кореялық компаниядан ұрланған.

Естеріңізге салсақ, Samsung жаңа девайсы Samsung Galaxy S4 сәуір айында сатылымға шыққан еді. Ол Full HD мүмкіндіктегі өлшемі 4,99-дюймды Super AMOLED дисплейімен жабдықталған. 3G нұсқасында сегіз ядролы, жиілігі 1,2 ГГц Samsung Exynos 5 Octa чипі орналасқан болса, LTE нұсқасында жиілігі 1,9 ГГц болатын төрт ядролы Qualcomm Snapdragon 600 процессоры бар. Графикалық жеделдеткіші де чипке байланысты PowerVR SGX 544MP3 533 МГц немесе Adreno 320 деп өзгереді. 

Онда 2 ГБ оперативті жад бар. Ішкі жады microSD картасының есебінен ұлғаяды. Екі камерасы 2 және 13 мегапиксельді. Сондай-ақ онда бірнеше сенсорлар да орналасқан: акселерометр, RGB, гироскоп, барометр, температура және ылғал датчигі. Смартфонда Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac, ИК-порт (телефон қашықтан басқару құрылғысы да бола алады), NFC, Bluetooth 4.0 + LE және MHL 2.0. қолдау қызметтері бар.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

295 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 17 мамыр 2013, 22:00
Пікірлер
+0
17 мамыр 2013, 23:01

Ай бақталастық деш ((

+0
18 мамыр 2013, 10:10

"келесі жылға дейін кім бар, кім жоқ?!" демекші, келесі жылғы сотқа дейін екеуінің біреуі жоқ боп кетуі де әбден мүмкін ғой.

+0
18 мамыр 2013, 17:42

Apple шаруасы біткесін тек араздасу басқа қолынан ештене келмегеніме

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...