Google интернет-радиосын таныстырды

Google интернет-радиосын таныстырды

Google корпорациясы Google Play Music All Access деп аталатын музыкалық сервисін таныстырды. Жаңа сервис Google I/O конференциясы кеше, 15 мамырда өткен еді деп хабарлайды The Verge.

Google Play Music All Access қызметі арқылы корпорация серверінде сақталған миллиондаған жинақтарын тыңдауға мүмкіндік береді. Сервисті пайдалану үшін ай сайын 9,99 доллар төлеп тұруыңыз шарт. Ал ақысыз нұсқасы бір айға созылмақ.

The Next Web алғашқы кезде тек АҚШ-та жұмыс істейді деп хабарлаған. Google компаниясы Google Play Music All Access қызметін уақыт өте келе басқа да елдерге тарата бастайтынын мәлімдеді. Десек те, нақты уақыты мен дәл қай елдерге таратылатыны жайлы ақпарат жоқ.

Google компаниясының менеджері Крис Ерга (Chris Yerga) презентация кезінде жаңа сервис «музыка әлеміне» ғана емес, сонымен қатар, онда «қыдыруға» да болатынын айтқан. Себебі Google Play Music All Access қолданушы талғамына орай оған нақтылы қандай әндер ұнайтынын біліп, ұсынып отыратын болады. Сервис интернет браузерінде де, мобильді құрылғыларда да болатыны белгілі болды.

Google-дың Spotify сервисіне бәсеке тудыра алатын жоба қарастырып жатқаны туралы алып-қашпа сөз 2013 жылдың ақпан айында-ақ белгілі болған. Google I/O жақында АҚШ-тың алып дыбыс жазу студияларымен байланыс жасайтынын да мәлімдеді.

«Google Play Music All Access» Google Play Music атты дайын сервис бетінде құрастырылған. Естеріңізге сала кетсек, Google Play Music сервисінде қолданушы әндер мен ән жинақтарды сатып ала алады. Бұдан басқа, Google Play атты сандық дүкен Android қосымшалырын, кітаптар мен фильмдерді сатуда бірігіп отырып қызмет атқарады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ferra.ru

А. Құлтай