Archos ChefPad — ас үйге арналған планшет

Archos ChefPad — ас үйге арналған планшет

Archos компаниясы өзінің планшеттер қатарын жаңа арнайы ас үйде қолдануға арнап жасалынған Archos ChefPad құрылғысымен толықтырды.

Гаджет мүмкіндігі 1024х768 пиксель болатын 9,7-дюймды дисплеймен жабдықталған. Планшет 1 ГБ оперативті жадпен, Mali 400 MP4 графикалық чиппен, 8 ГБ флеш-жадпен және Google Android 4.1 Jelly Bean операциондық жүйесімен жабдықталған.

Планшетте 2 мегапиксельді камера орналасқан. Гаджеттің өлшемдері 241х188х10 мм болса, салмағы 680 грамм. Сондай-ақ онда ас үйге арналған арнайы қосымша орнатылып және оған силиконды қап кигізілген.

Archos ChefPad маусым айында сатылымға шығып, оның бағасы 220 долларды құрайтын болады.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadetblog.ru

Б. Қосмағамбет