Алматыда фотошайқас басталды

Алматыда фотошайқас басталды

Кеше, яғни, 13 мамыр күні Алматы қаласында Samsung Electronics компаниясының қазақстандық блогплатформалар арасында ұйымдастырып жатқан "Фотоаулау" сайысы басталды.

Осы орайда өткен шағын брифингке  Massaget.kz порталының тобымен қатар, Kerekinfo.kz, Yvision.kz, Horde.me және Gonzo.kz блогтұғырларының блогшылары қатысты.

gfh

hjk

ол

Жиында жоба координаторы Сания Серікова қатысушыларды конкурс ережелерімен толығырақ таныстырып, Samsung Galaxy Camera фотоаппаратының мүмкіндіктерін сөз етті. Жиын соңында әрбір топтың капитандарына жаңа камера табыс етілді. 

kl

Жоба координаторы Сания Серікова

Айта кетелік, сайыстың ережесі бойынша, әрбір топ таңеретең берілген жұмбақты шешу арқылы Алматы қаласындағы объектіні тауып, жасырылған орынды суретке түсіруі керек. Фотосуреттер конкурстың промо-бетшесіне жүктелетін болады. Сайыстан соң Samsung Electronics компаниясы жеңімпаздарды анықтап, қатысушыларға арнайы сыйлықтар үлестіреді. Конкурстың 6 күнге, яғни, мамырдың 18-іне дейін созылатындығын айта кетелік. Топтар күн сайын 1 тапсырмадан алып отырады.

Бүгін таңертең командалар алғашқы тапсырмаларын алды. Жұмыстар бүгін, Астана уақыты бойынша, 21.00-21.30 аралығында промо-бетшелерге жүктелетін болады.

Осы орайда Массагет қолданушыларын аталған беттерде белсенділік танытуға шақырамыз.

Промо-беттер:

Фэйсбук сайтында

Вконтакте сайтында

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: vk.com 

Massaget