Айфонға арналған ойнауға болатын қап

Айфонға арналған ойнауға болатын қап

Соңғы үлгіде жасақталған һәм дамытылған Айфондардағы ойын көркі қанша жерден қызықты болса да, уақыт өте келе сәнді қондырғының жүйесі қуат көзінің таусылып бара жатқанынан хабар бере қалса, онда иесін қуанту үшін “PureGear Retro Game Cases” интерактивті ретро-қап көмекке келеді.

Сіздің Айфоныңызға арналған үш бірдей қорғаныс тыс қабы классикалық бас қатырғыш ойындарда ойнауды ұсынады. Ойынның бар мақсаты – кіп-кішкене шарларды мөлдір туннельдердің дамытылған түрлі-түрлі кедергілері арқылы алып бару.

Қолданушының талғамына орай, бұрышты-қырлы, жұмырлана жинақталған және жұмбаққа толы "иә немесе жоқ" лабиринтті классикалық үлгілері ұсынылады.

Сурет:yablochno.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига