Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Samsung АҚШ-тың қорғаныс саласын жаулай бастады

Samsung АҚШ-тың қорғаныс саласын жаулай бастады

Samsung АҚШ-тың қорғаныс саласын жаулай бастады

Жақын болашақта оңтүстік кореялық Samsung компаниясы АҚШ-тың қорғаныс саласынан Blackberry-ді ығыстырып шығуы мүмкін. Бұған себеп ретінде сарапшылар өткен жұма күні аталған компанияға тиесілі Android ОЖ негізінде жұмыс жасайтын құрылғылардың әлемдегі нөмірі бірінші қорғаныс саласына қолдануға рұқсат алуы болып отыр. 

Қазіргі кезде барлық салада смартфондар қарапайым телефондарды алмастырып жатқаны белгілі. Көптеген жеке компаниялар да өз қызметкерлеріне смартфондарды қызметтік істер мақсатында жұмыс үстінде де қолдануға рұқсат бергені мәлім. Себебі заманауи техника бұл бірінші кезекте, уақыт үнемдеудің жолы, ал екіншіден, ешқандай іссапарсыз-ақ мәселені қашықтан шешу жолы. Осындай тиімділігінің арқасында енді ол мемлекеттің ең маңызды саласы қорғанысқа да біртіндеп ене бастады. 

Оның үстіне АҚШ қорғаныс министрлігі биылғы жылы әскери барлау саласында қолданылатын смартфондардың санын екі есеге дейін ұлғайтты. Бірінші кезекте ондай мүмкіндік Knox жүйесімен жұмыс жасайтын Samsung Android-смартфондарына беріліп отыр. Knox алғаш рет Galaxy S4 смартфонымен бірге көпшілік назарына ұсынылған еді. Жаңа жүйе қолданушыға смартфонның жеке бөлігін жұмыс бөлігінен бөлек ұстауға мүмкіндік береді.  

 

 

1

Нақтырақ айтсақ, жүйе қолданушының қажет және аса құпия мәліметтерін телефонға жасырын енгізіп, құрылғыны құпия түрде басқарушыдан қауіпсіз түрде сақтай алады. Сондай-ақ платформа Knox-қа ыңғайлы басқа да қосымшаларды құрастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, тек қана ұйымның өз ішінде ғана қолданылатын жеке қосымша жасау. Осындай артықшылықтарына байланысты, жаңа жүйе АҚШ қорғаныс саласында пайдалануға рұқсат алып отыр. 

Android ОЖ басқарылатын Samsung Galaxy S4 америкалық әскери мамандардың зерттеуінен өтіп, әскери мақсатта пайдалануға рұқсат алып отырған тұңғыш оңтүстік кореялық смартфон атанып отыр. Бұған дейін осы салада тек BlackBerry Z10 және Q10 аппараттары қолданылып келген екен. Samsung-тен бөлек қазір бірнеше компания, оның ішінде Apple де қорғаныс саласынан дәмелі. 

Не десек те, Samsung өзінің ең басты бәсекелесі Apple компаниясының тағы да алдын орап кетті. Ал енді Apple-дің келесі қадамы қандай болмақ? 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

1094 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 13 мамыр 2013, 15:15
Пікірлер
+0
13 мамыр 2013, 16:52

самсунг жаулап бітпеді ме әлі ?

+0
14 мамыр 2013, 11:09

Айфонның формасы ұнайды

+0
18 мамыр 2013, 06:39

Apple, өш!

+0
18 мамыр 2013, 06:40

:lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...