Көлікте әлеуметтік желіні пайдалануға болмайды

Көлікте әлеуметтік желіні пайдалануға болмайды

АҚШ-тың Транспорт Министрлігі автоөндірушілерді әлеуметтік желі қондырылмаған көлік шығаруға шақырып жатыр. Мәселен, Facebook және Twitter желілерін автомобильдің мониторынан қосуға тыйым салынатын күн жақын.

Мамандардың пікірінше, әлеуметтік желіні көлікте қолдану телефонмен сөйлесу жағдайында туындайтын қауіппен бірдей екен. АҚШ министрі Рэй Лахуд көлік жүргізушіні жолда тек қалта телефондары ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік желімен байланыс жасауға мүмкіндік беретін түрлі гаджеттер мен көлік қондырғылары да қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады. Және билік өкілдері америкалықтарды мұндай қауіптің бар екенінен хабардар етуі тиіс болған. Министрлік автоөндірушілерден көлік жүріп келе жатқан кезде әлеуметтік мультимедиялық аппараттардың бұғатта болуын қамтамасыз ететін құрылғы жасап шығаруды талап етіп отыр.

 

Ал бұдан басқа, АҚШ билігі автокөлік навигаторларын жасаушыларға гаджеттердің барынша оңай басқарылатындай етіп жасауға ұсыныс жасады. Мәселен, шешім жасау үшін тек 2 секунд уақытты алатындай, ал мекенжай жазу үшін 12 секунд уақыт жұмсалатындай құрылғы жасау көзделіп отыр.

Дәл осы уақыт аралығында ғана жүргізуші жолдан ауытқымай жүре алады-мыс.

Ал өз кезегінде автоөндірушілер бұл талап-тілекке қарсы шығып та үлгерді. Олардың ойынша, арнайы құрылғылар жүргізушіге жол жүру кезінде көмекке келе алмайтын болса, одан да қауіпті жағдай туғызатын құрылғыларды қолданатын көрінеді. Мәселен, компьютерлік планшеттер немесе ұялы телефондар.

Статистикаға көз жүгіртсек, Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, жол көлік оқиғаларының 98 пайызы автокөлікте орнатылған мультимедиялық жүйелерге байланысты емес. Егер бұл жаңа өзгерістер заң жүзінде еніп кетер болса, оны тек үш жылдан кейін ғана жалпы қолданысқа кірігетінін айтады билік өкілдері.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: autorambler.ru

А. Құлтай