Xbox 720 консолінің анонсы 21 мамырда өтеді

Xbox 720 консолінің анонсы 21 мамырда өтеді

Microsoft компаниясы жаңа заманғы консольдің жарыққа шыққанын ресми түрде мәлімдеді. Xbox 720 ойын консолі 21 мамыр күні жаппай сатылымға шықпақ. Құрастырушылар жаңа консоль қолданушыларды таң қалдырады деген сенімде.  

"21 мамыр күні компьютерлік ойындар, теледидар және көңіл көтеру саласында жаңа дәуір басталады. Консольдің сатылымға шығуын Xbox.com және Xbox Live сайттары арқылы тарататын боламыз. Бұл күні біз сіздерге Xbox консолін жаңа қырынан танытамыз. Ол болашақтың жобасы болмақ"-деп хабарлады шығарушы компания. 

Жаңа ойын консолі арнайы жасалған жиілігі 1,6 ГГц болатын AMD процессорымен жабдықталатын болады. Оның 8 ГБ болатын DDR3 оперативті жады және 32 ГБ болатын өте жылдам жады бар (ESRAM, 102 Гбит/с). 12 ядролық графикалық жылдамдатқыш 800 МГц жиілікте және Direct3D 11.1 арқылы жұмыс жасайды. Консольде Ethernet, Wi-Fi және Wi-Fi Direct байланыстары да бар.   

Оның нарықтағы бағасы 500 доллар болмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет