Қытайлар қанды жарық арқылы тазарта бастады

Қытайлар қанды жарық арқылы тазарта бастады

Қытайдың Ғылыми-техникалық университетінің ғалымдары қан тамырларын тромбтардан тазартуға арналған оптикалық пинцет жасап шығарды, деп хабарлайды Today.kz

Жаңа инструмент фотондар арқылы микроскопиялық материяларды басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша жарық қысқыштары арқылы қытайлық мамандар капиллярларда тұрып қалған  қан клеткаларын жылжытуды үйренді.

Құрылғының басты деталі – инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін микролазер. Ол қысқыштарды объектке бағыттауға мүмкіндік беретін оптикалық микроскопқа жалғанған.

Оптикалық пинцеттің жұмысы арнайы компьютерлік алгоритм арқылы басқарылады. Ғалымдардың айтуынша, жарық пинцеттері тамырларда тұрып қалған тромбтарды хирургиялық араласусыз тазартуға мүмкіндік беретін бірден-бір құрал болып табылады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 4medical.in

Massaget