Toshiba KIRAbook жаңа ультрабугы

Toshiba KIRAbook жаңа ультрабугы

Toshiba компаниясы жақында процессоры мен сенсорлы дисплейінің айырмашылықтарына қарай үш түрге бөлінетін жаңа KIRAbook ультрабугын таныстырды. 

Ультрабуктың үшеуі де бірдей 13,3-дюймды және мүмкіндігі 2560х1440 пиксельді дисплеймен жабдықталған. Ультрабук жоғары сапалы видео және фото суреттермен жұмыс жасауға арналған керемет құрылғы саналып отыр.

KIRAbook корпусы жеңіл және берік магний қорытпасынан жасалған екен. Құрылғыда Intel Core i5 және i7 процессорлары орнатылған. Оперативті жады 8 ГБ. Сонымен бірге, 256 гигабайтты SSD-жинақтағыш жады бар. Жаңа өнім бар болғаны 1,2 келі салмақ тартады. Қалыңдығы - 18мм. Орнатылған аккумулятор ультрабукты 6 сағат автономды жұмыс уақытымен қамтамасыз етеді.

Өнім нарыққа осы жылдың мамыр айында жол тартпақ. Болжам бойынша, оның бағасы 1600-2000 $ аралығында болмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет