Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Интерфейстер: Қандай? Қалай? Не үшін?

Интерфейстер: Қандай? Қалай? Не үшін?

Интерфейстер: Қандай? Қалай? Не үшін?

XXI ғасыр - ақпараттандыру заманы десек, артық айтылған сөз емес. Қайда қарасаңыз да, ақпараттың шексіз ағыны техникалық құрылғылардың бір түйінінен екіншісіне жоғары жылдамдықпен ағып, адам өмірін мейлінше жеңілдетуге бағытталған. Ал осы ақпараттар ағыны бір құрылғыдан екіншісіне қалайша жеткізіледі? Иә, дұрыс, бұл техникалық құрылғыларды бір "тілде" сөйлету керек. Яғни, қосылу интерфейстері бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеп, олар ақпарат ағынының сенімді таратылуын қамтамасыз етуі қажет.

Адам баласын бір-бірімен байланыстыра отыратын "тіркеуіштер", өзара бір-бірімен де байланысады. Осылайша неше түрлі тіркеуіштер (разъем) мен интерфейстер пайда болып, олардың көбісі ақпарат алмасуды қамтамасыздандырса, екінші бөлігі арнайы қызмет атқарады. Бұларды шатастырып алмас үшін санында шегі жоқ интерфейстер мен тіркеуіштерге шолу жасамақпыз.

ӘМБЕБАП

USB

Компьютерге жады құрылғыларымен қатар неше түрлі перифериялық құрылғыларды қосуға, сондай-ақ техникаларды бір-бірімен "сөйлетуге" арналған әмбебап тіркеуіш. USB интерфейсінің топологиясы - "жұлдыз": бір контроллерге максимум 127 құрылғы қосуға болады. Олардың ішіне хабтар мен концентраторларды жатқызуға болады. Интерфейсте 4 сым болады. Олардың екеуі ақпарат алмастыруды жүзеге асырса, қалған екеуі -құрылғыны қорек көзімен қамтамасыздандырады (5 В 500 мА, батареяны зарядтау тәртібінде 1,8 А). Қазіргі  USB 2.0 стандартының үш жұмыс тәртібі бар: Low Speed (10-1500 Кбит/с), Full Speed (0,5-12 Мбит/с) және Hi-Speed (25-480 Мбит/с). Кабелдің максималды ұзындығы - 5 метр.

 

 USB тіркеуіштері солдан оңға: micro-USB, mini-USB, USB  B типі, розетка («мама») USB Атипі, USB A типі

USB тіркеуіштерінің 5 түрі бар. Барлық тіркеуіштер екі топқа бөлінген: компьютерге немесе басқа да портативті гаджетке қосуға арналған А типі, перифериялық құрылғыларда қолданылатын В типі. А типінің екі нұсқасы бар: "қарапайым", Mini-A, және В типінің үш түрі болады екен - "қарапайым",Mini-B мен Micro-B.
Micro-AB разъемі жайлы бөлек айта кетсек: олар фото-бейне камералар мен басқа да перифериялық құрылғыларда қолданылады. Және бұл тіркеуіштің көмегімен жоғарыда айтылған техниканы, компьютерге жалғамай-ақ тікелей принтерлерге, жады құрылғыларына қосуға болады. 

FireWire

Аpple инженерлерінің белсенді қатысумен 1995 жылы пайда болған тізбекті интерфейс IEEE 1394 индексімен белгіленеді. Топологиясы - "құрылғылардың теңдігі", компьютердің қатысуынсыз тікелей 64 құрылғыға дейін қосуға болады. Стандартты тіркеуіште 4 немесе 6 сымды өткізгіш қолданылып, екеуі таратуға, ал қалғаны қабылдауға негізделсе, екінші жағдайда қосымша 2-уі қорек көзімен қамтамасыздандырады.  IEEE 1394 (FireWire 400) тарату жылдамдығы 100, 200 немесе 400 Мбит/с жетсе, IEEE 1394b (FireWire 800 нұсқасы 800 Мбит/с-ке) дейін қолдайды. Құрылғылар арасындағы сымның максимал ұзындығы-4,5 м.

 

 FireWire тіркеуіштері: 4-контактілі және 6-контактілі

Қазіргі стандартта тіркеуіштің 3 типі қолданылады: бейне, фотокамераларда, ноутбуктарда орналасатын 4 контактілі, жады құрылғыларда болатын 6 контактілі, және IEEE 1394b стандартында жұмыс істейтін, сирек кездесетін 9 контактілі тіркеуіштер. FireWire 800 тіркеуіштері FireWire 400 сымдарымен үйлесімсіз, бірақ "баяу" құрылғыларды арнайы жалғастырғыш арқылы FireWire 800-ге қосуға болады.

ЖАДЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

eSATA

2004 жылы пайда болған "жас" интерфейс, тек соңғы кездері ғана ноутбуктар мен жады құрылғыларында қолданылып келеді. External SATA (eSATA) тізбекті Serial ATA (SATA)-ның сыртқы нұсқасы. Өз кезегінде SATA бұрын қолданыста болған параллель IDE-ның орнын басты. Бұл интерфейс жады құрылғыларында ақпарат алмасуға арнайы ойластырылып, 3 Гбит/с дейін жылдамдықпен жұмыс істейді.

 eSATA

eSATA тіркеуіштері SATA коннекторларына ұқсағанымен, бір-бірімен үйлесімді жұмыс істей алмайды. Өкінішке орай, SATA тіркеуіштері секілді бұл интерфейс  құрылғыны қорек көзімен қамтамасыздандырмайтындықтан, арнайы сырттан қосылатын қорек көзі жайлы ұмытпаңыз.

 eSATA 

БАЙЛАНЫС

Ethernet

Онсыз заманауы компьютерді көз алдымызға елестете алмадық. Бұл интерфейс локальді желіге немесе интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

 

Желілік кабель (Ethernet)

Заманауи компьютерлерге орнатылатын желілік платалар әдетте екі стандартқа сай болуы тиіс: жылдамдығы 100 Мбит/с-тік Fast Ethernet пен өткізу қабілеті 1 Гбит/с дейінгі Gigabit Ethernet. Қосылысты жүзеге асыру үшін еспе кабель (дәлірек айтқанда, кабельдердің 4 жұбы) мен стандартты сегізконтактілі RJ-45 разъемі қолданылады..

БЕЙНЕ МЕН ДЫБЫС

D-Sub

Көне тіркеуіштердің "уәкілі". Бірақ, бұған қарамастан ноутбуктар мен ДК өндірушілері осы аналогты тіркеуішті қосымша монитор немесе бейнепроекторды жалғау үшін әлі қолданылып келеді.

 

 D-Sub

DVI

Мониторларды, бейнепроекторларды жалғауға арналған сандық интерфейс. Заманауи ДК-дің бейне платаларында тек осы интерфейс қана қолданылады. Көп жағдайда бұл DVI-I, арнайы жалғастырғыштың көмегімен дисплейдің аналогты қосылысын қолдайды. DVI-D нұсқасы тек сандық ақпаратты ғана тарататындықтан, арнайы жалғастырғышты қоса алмайсыз. 

 

 DVI типтері

Бір сандық жолағы бар DVI интерфейсі (Single Link DVI) 4 еспе баудан тұрып (қызыл, жасыл, көк және clock),  шешуі 1920х1080 бейнені тарата алады. Мысалға алатын болсақ, егер сіз 30 дюймдік сұйықкристалды мониторды "сандық" түрде жалғастырсаңыз, сізге шешуі 2560х1600 нүктені қолдайтын екіжолақты  DVI қажет болады(Dual Link). Интерфейстерді ажырату оңай: Single Link-тің ортаңғы алты контактілері болмайды.

Кабельдің максималды ұзындығы бейненің шешуіне тәуелді: бейненің шешуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым ұзын сымды қолдануға болады. Сигналды қашықтыққа жіберу үшін арнайы күшейткіштер қолданылады.

HDMI

Жоғары шешудегі бейне мен сандық дыбысты таратуға арналған әмбебап мультимедиалы интерфейс. HDCP заңсыз көшіруден қорғау технологиясын толыққанды қолдайды. 2005 жылы пайда болғаннан бастап, тұрмыстық және компьютерлік техникада кеңінен қолданылып келеді. HDMI 1.3  нұсқасы 10,2 Гбит/с жылдамдықпен жұмыс істеп, 48 битті түстер тереңдігі мен жаңа Dolby HD пен DTS-HD аудиоформаттарын қолдайды. 2009 жылы шыққан тіркеуіштің 1.4 нұсқасы 1.3-тен іштей орнатылған  Ethernet арна мен реверсивті аудио арнамен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер аудио, бейне ақпаратты желі протоколы арқылы таратады.

 

 HDMI тіркеуіші

 HDMI

HDMI тіркеуішінің 4 типі бар: DVI-D Single Link пен үйлесімді, 19 контактілі Type A;  DVI-D Dual Link-пен үйлесімді 29 контактілі Type B; сыртқы құрылғыларда қолданылатын шағын 19 контактілі Type C; және  Type D.  Кабельдің ұзындығы DVI-дағыдай бейне шешуіне тәуелді. Стандартты тәртіпте 5, арнайы күшейткіштер арқылы - 50 м, талшықты-оптикалық кабельді қолданған жағдайда - 100 м.

АНАЛОГТЫ ДЫБЫС

Компьютерлік және тұрмыстық техникада аналогты дыбыстарды тарату үшін неше түрлі тіркеуіштер қолданылады. Көп жағдайда ДК мен ұялы телефондарда  2,5 немесе 3,5 миллиметрлі «мини-джек» типті штекерлер қолданылса, тұрмыстық электроникаға RCA интерфейстері орнатылады. Кей жағдайда басқа интерфейстердің орнатылуы орын алуы мүмкін. Бұның бәрі қолданушының қажеттілігі мен талғамына байланысты. Өндірушілер ноутбуктарға көп жағдайда аналогты және сандық ақпаратты түсінетін  S/PDIF шығыс тіркеуішін орнатады. Тұрмыстық техникада S/PDIF сигналын тарату үшін коаксиалды RCA немесе оптикалық Toslink тіркеуіштері қолданылады.

 

 3,5-миллиметрлі мини-джек типті тіркеуіш пен оптикалық кірісі мен шығысы бар S/PDIF

Сонымен, біз сізді тұрмыстық пен компьтерлік техникада кең қолданылатын тіркеуіштермен таныстырдық. Енді олармен дұрыс жұмыс істеу сіздің қолыңызда.

Суреттер kih.gf.de сайтынан

Форумда талқылау


6872 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 13:00
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 15:44

үйдегі кабелімнің рж45 сына беред,

+0
05 наурыз 2012, 16:46

АжДиЭмАй жақсы бәрінен! Ноутты телекке қосып қойып кез келген фильміңді көре бересің))) Фудбол көрсең ващще тема!

+0
05 наурыз 2012, 16:53

Асеке, білмейтінің жоқ қо, мен де ТВмды HDMI арқылы TVbox-қа қосып алып, сандық телеарналарды қарап жүрм. САПАСЫ "айнадағыдай" деген сөзді айтуға болатын шығар

+0
05 наурыз 2012, 17:00

Иә, HDMI жоғарғы разрешениядағы жоғары сапалы бейне көрсетуге арналған ғой! PAL/SECAM-дағы 720*576 пикселге үйреніп қалған біз үшін HD сапа керемет енді!))

+0
05 наурыз 2012, 17:01

ва, PAL/SECAM туралы ұмытып та үлгердім))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...