Ерекше дизайнды камера

Ерекше дизайнды камера

CES 2013 технологиялар жәрмеңкесінде жапониялық Canon компаниясы ерекше дизайндағы камераны таныстырды. Canon PowerShot N деп аталатын фотоаппарат-камерада 8 қырлы кеңейту, сенсорлы экран және Wi-Fi-модулі бар.  

Камераның DIGIC 5 жүйелік блогы, 1/2,3″ CMOS-сенсорлы мүмкіндіктері де бар. 

Компания сондай-ақ камераға төртбұрышты 461 000 пикселге рұқсат етілген сенсорлы экран да қосқан. Жоғарыда айтқан смартфондармен байланысу үшін iOS және Android басқарылымындағы Wi-Fi модулі бар. Facebook және YouTube-қа файлдарды жүктейтін мүмкіндіктері бар камераның.

Creative Shot және Hybrid Auto секілді екі бірдей режимдегі түсірілім бар. Creative Shot режимі бойынша, камера автоматты түрде фокустың параметрлерін өзгертіп, ақ және басқа түстерді реттеп отырады. Ал Hybrid Auto режимі бойынша, түсірілім алдында 4 секундтық ролик жазылады. Сосын суретке түсіріледі. Түсірілім аяқталған соң, құрылғы автоматты түрде түсірілген видеороликтерден бэкстейдж-видео жасап шығарады. 


Canon компаниясының айтуынша, "Бұл әлемдегі камералардың мүлде басқа түрі. Онымен сіз кез келген жағдайда, кез келген объектіні қиналмай түсіре аласыз". Жаңа камера сатылымға сәуір айының басында шығады. Бастапқа жоспар бойынша, PowerShot N камерасының құны 300 долларға тең келеді екен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН