Kingston компаниясы әлемдегі ең ауқымды флешканы шығарды

Kingston компаниясы әлемдегі ең ауқымды флешканы шығарды

Kingston компаниясы CES 2013 жәрмеңкесіндегі 1 ТБ көлеміндегі әлемдегі ең үлкен флешканы ұсынды.

Kingston HyperX Predator деп аталатын флешка USB 3.0 интерфейсті жүйемен жұмыс жасайды. Ол жай құжаттардың қаралымы барысында 240 МБ/с жылдамдығымен, ал құжаттарды сақтау режимінде 160 МБ/с жылдамдыққа ие болады екен. Егер сіздің дербес компьютеріңізде USB 2.0 қосулы болса, онда ол екі жағдайда да 30 МБ/с жылдамдығымен құжаттарды өңдейтін болады.

Бұл флэшканың қалбырында да ерекшелік бар. Оның оң жақ бөлігінде арнайы құлып орналасқан. Бұл сіздің құжаттарыңызды сенімді сақтау үшін Kingston компаниясының арнайы қосалқыларының бірі болып табылады. Жалпы флэшканың қорғаныс бөлігін есептемегендегі ұзындығы - 72 мм, ені - 26.94, қалыңдығы - x 21 мм-ға тең келеді. Ал қалбыры металдан жасалған.

Қазіргі таңда компания өкілдері HyperX Predator нұсқасындағы 512 ГБ флэшкаларды сатылымға шығарған. Оның нарықтағы бағасы 1,3 доллар тұрады. Ал 1 ТБ флэшканы Kingston компаниясы 2013 жылдың екінші тоқсанынан бастап сатуға кіріседі екен. Бұл құралғының бағасы әлі белгісіз. Дегенмен сатып алушыларға компания бес жылдық кепіл мен USB 3.0 портты сыйлыққа беретінін айтқан. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: newsfiber.com

Ю. НИКУЛЛИН