Photoshop пен Creative Suite 2 бағдарламалары тегін таратылуда

Photoshop пен Creative Suite 2 бағдарламалары тегін таратылуда

Adobe Systems компаниясы жуырда өзінің ресми сайтында Creative Suite 2 бағдарламалар құралын тегін сататынын жазған. Бұл бағдарламаның ішінде сурет өңдейтін Photoshop қосымшасы да бар.

Ертеректе ақылы болған бұл бағдарламаны Adobe-тың ресми сайтына тіркелген кез келген тұтынушы жүктей алады. Шолушылардың айтуынша, Adobe компаниясы Creative Suite 2 бағдарламасының жаңа нұсқасын шығармақ. Сонымен қатар компания жұмысшылары ескірген Creative Suite бағдарламасына иелік пакеті бар тұтынушыларды қолдаудан шаршағанын айтады.

Айта кетейік, Photoshop CS2 қосымшасы Adobe-тың өте ескі нұсқаларының бірі. Оның жаңадан шығарылған қосымшасы Photoshop CS6 деп аталады. Дегенмен Photoshop CS2 қосымшасы сурет өңдеуге қажетті барлық базалық функцияларға ие.

Photoshop және Creative Suite 2 бағдарламаларын мына жерден тіркеліп, жүктей аласыздар

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: theverge.com 

Ю. НИКУЛЛИН