Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Телефонды суға түсіріп алсаңыз...

Телефонды суға түсіріп алсаңыз...

Телефонды суға түсіріп алсаңыз...

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек? Назарларыңызға телефоныңызға екінші "өмір" беретін кеңестерді ұсынамыз.

                                          Не істеуге болмайды?

  1.  Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен  платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.
  2. Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

                                          Не істеуге болады?

  1. Біріншіден телефондағы батареяны алып тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу ықтималдылығы жоғары болады.
  2. Телефонды үрлеп, оны орамалмен құрғатып сүртіп алған жөн.
  3. Телефонды  бірнеше сағатқа күріші бар тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.
  4. Телефонды күріші бар тәрелкеден алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз. Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.
  5. Егер сіздің телефоныңыз батпаққа немесе унитазға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз.

Сурет http://www.zdorovieinfo.ru сайтынан

782 0
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 06 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
06 ақпан 2012, 10:52

мен фенмен үрлеп жүрсем )

+0
06 ақпан 2012, 10:54

уунитазға түсіріп жүрген адамдар табыла ма екен арамызда?

+0
06 ақпан 2012, 10:55

табылғанда қандай! )

+0
08 ақпан 2012, 18:24

Шамасы унитазға түсіргенсің ғой Мико))))

+0
22 ақпан 2012, 20:59

менің группалас қызым корпустың унитазына түсіріп алды, сосын ішінен алды да оны жуды раквинаның ішіне сосын батарейдің үстіне қойып қойды..)))

+0
22 ақпан 2012, 20:59

әлі істеп тұр телефоны))))

+0
06 ақпан 2012, 11:19

Мен телефонымды жаңбырдан кейін лай суға түсіріп алғанмын(((

+0
06 ақпан 2012, 11:40

телефонымды суға түсіріп көргенім жоқ. бірақ Есте жүретін кеңестер екен

+0
06 ақпан 2012, 12:46

аһа, есте сақтау керек екен.

+0
08 ақпан 2012, 12:37

мен ауылда жүргенде туалетке түсіріп алғанмын)))))
ол-олма? сосын қалада таңертен ұйқыдан тұрған кезде дәресіндіріп жатқанда қолымнан будилник шырылдап жатқанда вибрациядан қолымнан тайып унитазға сүңгіп кетті)))))))))))))))))))))))

+0
10 ақпан 2012, 20:16

Туалетке қалай құлатып жүрсің? Күш қайда телефонды ұстап тұратын?

+0
08 ақпан 2012, 18:55

Үй жинап жүріп, тазиктегі суға түсіріп алғам бір рет. ))

+0
08 ақпан 2012, 19:05

Мен де! Мистер пропер қосылған су болған ед! Телефоным бір тазаланып қалған болар))

+0
08 ақпан 2012, 23:03

Мен телефонымды суға түсіріп көргенім жоқ,бірақ есте жүретін кеңестер екен.

+0
10 ақпан 2012, 20:15

түсірмесеңіз, түсіресіз әлі, өмір алда=)

+0
12 ақпан 2012, 03:55

менде бірақ рет түсіріп көрдім, кір жуып жатқан суыма. Құдабаламның кесіріненғой. Бірақ сол су суымен сөйлесіп тұра бердім, бір сөндіріп қосқаным болмаса)))))

+0
17 ақпан 2012, 04:43

Оқиғаларың қызық екен, мен студент кезимде тангы шай ишип отканымда алдымдагы шайга толы болган кесеге тусирип алдым)))))))

+0
18 ақпан 2012, 18:35

шәйға құлатып жүрсіз бе? ))

+0
22 ақпан 2012, 21:02

мен бір апта бұрын кір жуғыш машинаның ішіне түсіріп алдым, дауысым естілмей қалды қоңырау шалғандарға, менде фенмен кептірдім, қазір басқа телефон ұстап жүрмін((( ескі телефоныма бауыр басып қалып едім))))

+0
28 ақпан 2012, 15:34

енді есімде болады. 1 рет унитазға түсіріп алып, оны фенмен кептіріп, сосын батареяның үстіне 1 күн қойдым. Жақсы жасап тұр. Бірақ светі өшпейді, күн ұзағына телефонның светі жанып тұрады :-))

+0
02 наурыз 2012, 18:55

зато түнде фонариктің қажеті жоқ

+0
14 қаңтар 2015, 11:50

суға түскен телефонды 1 түн күрішке салып қойдым, қоссам істеп тұр. бірақ экранында суы кетпепті күйіп кетпесін деп өшіріп тасадым да, қайта күрішке қиғашынан салып қойдым. экранға тұрып қалған суды кетіретін басқа амалы бар ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...