Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Файлдарды архиваторға салып үйренейік

Файлдарды архиваторға салып үйренейік

Файлдарды архиваторға салып үйренейік

Архиватор – бұл файлдарды архивтеуге және архивтелген файлдарды қалпына келтіруге арналған арнайы бағдарлама. Файлдарды сығып, жинақтап, электронды поштамен жіберуге арналған нағыз керекті бағдарлама.

Сонымен архиваторлардың қандай түрлері бар?

Көптеген басқа бағдарламалар сияқты архиваторлар да тегін және ақылы деп екіге бөлінеді. Тегін архиваторды сіз Интернеттен ешқандай ақы төлеместен жүктеп, қондыра аласыз. Ал егер сіз компьютеріңізде архиватордың бар-жоғын тексерген кезде, "Архивке қосу" (немесе «Add to») сөзінен басталған пунктті көрсеңіз, бұл сіздің компьютеріңізде ақылы архиватор орнатылған деген сөз. Ол WinRaR деп аталады. 

Ал егер сіз компьютеріңізді тексерген кезде, 7 Zip атты пунктті байқасаңыз, онда бұл тегін архиватор сізде бұрыннан бар.  

Енді WinRaR бағдарламасы жөнінде біраз әңгіме өрбітейік. Бұл өте қарапайым және ыңғайлы бағдарлама. Сонымен файлдар мен папкаларды қалай архивтеуге немесе архивтен алуға болады? 

Бірінші файлдар мен папкаларды архивтеп үйренеміз. Ол өте қарапайым түрде жүзеге асады. Тышқанды архивтегіңіз келетін файл немесе папканың үстіне апарып, оң жақ батырманы басамыз. Сол кезде төмендегідей тізім шығады:

Байқағаныңыздай, бізге керегі - "Добавить в архив" (Add to) деген сөзден басталатын пункт. Оның ішіндегі маңыздысы екінші пункт «Добавить в архив “Папка.rar”» (Add to “Папка.rar”). Сізде де осындай пункт болары анық. Бірақ тек «Папка.rar» сөзінің орнына файл немесе папкаңыздың аты болады (папка) .rar.

 

Осы пунктке басыңыз. Бірер уақыттан кейін мынадай терезе шығуы мүмкін. Терезе экран бетінен кетіп қалғанша күте тұрыңыз. 

Ал енді файл немесе папкаңызға мұқият қараңыз. Жаңадан төмендегідей файл пайда болуы керек:

Бұл сіз жаңа ғана архивтеген файл немесе папка. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, архиватор - қажетті нәрсемізді сығуға, яғни құжаттардың орын алып тұрған көлемін кішірейтуге арналған бағдарлама. Енді пайда болған архивтелген файлдың көлемі қаншаға дейін азайғанын қарайық. Ол үшін сығылмаған бастапқы файлға (папкаға) барып, тышқанның оң батырмасын басып, тізімдер арасынан «Свойства» пунктін тауып алып, батырманы басыңыз. 

Жаңадан терезе ашылғаннан соң, файл (папка) көлемін қараңыз да, оны есіңізге сақтаңыз.

Ал енді жаңадан сығылған архив-файлдың үстіне барып, жаңағы операцияны қайталаңыз:

Байқасаңыз, архив көлемі бастапқы файл (папка) көлемінен біршама аз. Яғни бұл сіздің бастапқы файл немесе папкаңыз архиваторда барынша сығылып, көлемі азайды деген сөз. 

Бірақ кей жағдайларда, суреттерді, видео немесе музыканы архиваторда сыққан кезде, көлемі кішкене азаюы немесе тіпті өзгермеуі мүмкін. Аталған нәрселерді сығу үшін басқа бағдарламалар қолданылады, архиватор емес.

Енді 7 Zip жөнінде аз-кем тоқталып өтейік. 7 Zip - өзінің тегін, сенімді және 7Z форматын игере алатындығымен аса танымал архиватор.

Операциондық жүйе
Windows 98, ME, NT, 2000, XP, Vista, Windows 8 
Лицензия
Тегін
Файл көлемі
840 КB
Орыс тілі
Бар

Бағдарлама сайты: http://www.7-zip.org

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: demonwarez.com

4407 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 22 қазан 2012, 17:20
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 17:09

қазақ тілі - жоқ......

+0
22 қазан 2012, 23:09

Қазақ тілі бар Уин Рар мен 7Зипте де

+0
22 қазан 2012, 17:14

Осы архив деген ең күшті нәрсе

+0
22 қазан 2012, 17:14

рахмет көп)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...